- Негізгі бет
- Сымбат
- Шаш өсіретін маска...
Шаш өсіретін маска жасап үйренейік
Шашты ұзын етіп өсірудің өзіндік қиындығы бар. Себебі өскен сайын ұшталып, өзгеріп кетеді. Шаш ұзын әрі әдемі болу үшін не істеуге болады?
Шаш өспеуінің басты себептері:
- шаштың баяу өсуі генетикалық жолмен беріледі;
- шашты дұрыс күтпеу;
- нәрлендіруші элементтердің жетіспеуі.
Үй жағдайында жасалатын маскаларының топтамасын ұсынамыз:
Майлы маска
Бұл масканың құрамына зәйтүн, майсана мен кокос майы кіреді. Бұларды бірдей мөлшерде араластырып, басқа жағу керек. Бірнеше минут бойы басыңызды уқалап, масканы сіңдіріңіз. Содан соң шашты пакетпен орап, бір сағаттан кейін жуып тастаңыз. Жуғаннан кейін лимон шырыны қосылған сумен шаюға болады.
Томат маскасы
Бұл масканы дайындау үшін жаңа піске қызанақтарды пайдаланған жөн. Оны үккішке үгіп, бір тегіс қоспа дайындаңыз. Басқа жағып, 15-20 минуттан соң жуып тастаңыз.
Пияз маскасы
2 ас қасық пияз шырыны, 1 ас қасық коньяк пен 6 ас қасық ошаған түбірінің қайнатпасын араластырып, шашыңызға жағыңыз. Пакетпен орап, бір сағаттан кейін сусабынмен жуып тастаңыз.
Қыша маскасы
200 мл айран, жұмыртқаның сарысы мен 1 ас қасық құрғақ қышаны араластырыңыз. Қоспаны басыңызға жағып, 40-60 минуттан кейін жуып тастаңыз.
Бал маскасы
1 ас қасық бал, 1 ас қасық коньян пен жұмыртқа сарысын араластырыңыз. Қоспа бір тегіс болғанынша араластырып, шашқа жағыңыз. Басыңызға пакет киіп, сыртынан сүлгі не орамал тағыңыз. 1 сағаттан соң жуып тастаңыз.
Сыра маскасы
Сыра маскасы 200 мл сыраны 2 жұмыртқаның саруызымен араластырыңыз. Қоспаны шашқа жағып, пакет пен орамал киіп, бір сағаттан соң жуып тастаңыз.
Ал сіз шашты өсіретін тағы қандай әдісті білесіз?
Ф. Абилова