- Негізгі бет
- Сымбат
- Шаш өру шеберінен...
Шаш өру шеберінен үлгі алыңыз
Австралияның Мельбурн қаласында тұратын Шелли Гиффорд – шаш өрудің шебері. Ол 2014 жылы сәуір айында әлеуметтік желілердің бірінде шаш өру өнеріне арналған аккаунтты көріп, қатты қызығады. Сол уақыттан бері Шелли Facebook пен Instagram желілерінен парақша ашып, өзі өрген шаш үлгілерін жариялап келеді.
«Шаш өруді қатты жақсы көремін. Тәжірибе жинап, көргенімді үйрену үшін таныстарым мен туыстарымның шашын өріп беру үшін кез келген мүмкіндікті қалт жібермеймін», – деген Шелли таңертең қызын мектепке шығарып салар алдында оның шашын күнделікті әртүрлі үлгімен өріп береді екен.
Шелли әр күн сайын жаңа шаш үлгісін жасап, оны міндетті түрде суретке түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялайды.
Шелли әр күн сайын қызын мектепке жіберер алдында оның шашын өруге бар-жоғы 15 минут уақыты кететінін айтады. Кейде ол 15 минутта үлгере алмаған шаш үлгісін демалыс күндері қайта жасап көреді екен.
«Қызым Грейстің кішкентай кезінен бері таңертең күнделікті шашын өремін. Сондықтан ол да мұны әдетке айналдырып, әр күннің шаш өрумен басталатынына үйренген».
Грейстің шаш үлгілерін мектепте де, би үйірмелерінде де, әдетте ол болатын барлық жердегі адамдар күнделікті көріп жүреді.
Сонымен қатар Грейстің шаш үлгілеріне барлығы таңырқай қарап, тіпті оны ерекше шаш үлгілерімен танып та алған.
Кейде далада адамдар Шелли мен Грейсті тоқтатып, «Біз сіздерді таныдық, сіз Шеллисіз ғой» дейді екен.
«Мен әрдайым ізденісте жүремін және әрқашан шаш өрудің жаңа түрлерін меңгере беремін».
«Кез келген істі жақсы көріп қалауыңызбен істесеңіз, нәтиже көңіліңіздегідей шығады, әрі ол көп уақытыңызды алмайды», – дейді Шелли.
"Жаңа шаш үлгілерін ойлап табу біраз уақыт алады, бірақ нәтижесін көргенде ары қарай шабыттана түсесіз».
Шелли үшін шаш өру өнердің бір түрі іспеттес.
Ол өз ісінің шебері болуға әрдайым талпынады.
Егер сіздің де Грейс сияқты кішкентай қызыңыз болса, бұл өнерді сіз де меңгеріп, әдетке айналдыруға неге тырысбасқа?! Әр күніңізді Шелли сияқты сүйікті ісіңізбен, сүйікті қызыңызды сүйкімді ханшайымға айналдырумен бастаңыз.
Дереккөз: anabol.kz
Н. Үсенова