Қазақ қыздары шаш күтіміне ежелден ерекше көңіл бөлген. Апаларымыз бен жеңгелеріміздің жолын ұстанып, шашты өріп қойсақ, кедергі келтірмей жинақы тұрғаны өзімізге де ыңғайлы. Гректік стильдегі өрім өзгеше де әдемі көрінеді.
Маңдай тұстан шаштың бір бөлігін жекелеп аламыз да, үшке бөлеміз.
Әдеттегі үш өрім өргендей өріп келеміз де, астыңғы-үстіңгі екі жағынан шаш қосып алып отырамыз.
Солдан оңға қарай көлденеңінен өреміз.
Енді үш өрім ұшын екіге бөлеміз.
Ары қарай бидай өрім етіп өреміз.
Екі бөлік шаштан жіңішке бөлік алып, екі жағынан кезектестіріп ортасына сала береміз.
Ұшына дейін өрген соң, сәл көлемді болуы үшін өрімнің екі жағын шығарамыз.
Суретте көрсетілгендей орап, жоғарыға жинаймыз.
Өрімнің ұшына таяу жерге шаш қыстырғышын тағамыз.
Қыстырғышты өрім ұшымен орап, тағы да көрінбейтін қысқытрғыштар тағамыз.
Үш өрім мен бидай өрімінің арасы көтеріліп тұрмау үшін, көрінбейтін қыстырғышпен жинақтап қоямыз.
Гректік шаш өру үлгісі дайын! Сіздер де жасап көріңіздер!