Бізді «шашқа қалай күтім жасау керек?» деген сұрақ жиі толғандырады. Мамандар бұл сауал төңірегінде бірнеше кеңес береді. Мәселен, маска, бальзамнан бұрын шашты дұрыс жууды білу керек.
♦ Шашты жуудың алдында тарап шығыңыз. Бұл шашты терінің өлі клеткаларынан тазарту үшін жасалады.
♦ Шашты тек жылы (!) суда жуыңыз. Тым салқын не тым ыстық су шашымызды бүлдіреді.
♦ Сусабынды пайдаланбас бұрын шашты жақсылап шайып алу керек. Шашыңызды жылы судың астында 5-10 минуттай ұстаңыз.
♦ Шашты сусабынмен екі рет жуу керек. Сонда барлық шаң мен кір кетеді. Сондай-ақ, сусабынды шашқа құймай, алдымен қолға құйып, шашқа ысқылап, жағу керек.
♦ Басыңызға массаж жасап, сусабынды сіңдіріңіз.
♦ Сусабынды 1 минуттан астам шашта ұстауға болмайды. Оның шашқа зиянды екенін ұмытпаңыз.
♦Сусабын қалмағанынша жақсылап жуып, шайыңыз. Содан соң салқындау сумен бір шайып шығыңыз. Бұл шашты жылтырата түсетін әдістің бірі.
♦ Содан соң бальзам, кондиционер, маскаларды қолдануға болады. Шашыңыздың ерекшелігіне қарай өзіңізге лайығын таңдаңыз.
♦ Тек таза сүлгіні пайдаланыңыз.
Кеңестер пайдалы болады деген үміттеміз. Іске сәт, үнемі сұлу болып жүріңіз!
Сурет: venera-beauty-home.com
Оқи отырыңыз:
Ас үйдегі қулықтар
Заманауи бойжеткеннің гардеробында болуы тиіс киімдер
Шашты жібектей ету үшін...
Шашты емдеу қажет пе?