Ұштанған шаш кез келген шаштың сәнін бұзып, көзге оғаш етіп көрсетіді. Қазіргі кезде арулардың шашына байланысты басты қиындықтары осы. Ал шашын өсіремін деушілер бұл қиындыққа мүлдем дауа таба алмай жатады. Алайда бұл мәселенің де шешімі бар. Мына кеңестер сізге ұшталған шашпен күресуге көмектеседі.
Шаштың қажетті мөлшерде ылғал алатындығына көз жеткізіңіз. Ол үшін күніне 2 литрдан кем емес су ішіп, құрамында дәрумендер мен минералдар болатын тағамдарды жеген жөн.
Шашқа арналған кондиционер. Әр кез шашыңызды жуғаннан кейін кондиционер қолдануды ұмытпаңыз. Себебі сусабын әсерінен шаш құрғап, ылғалдан айырылады. Ал кондиционер шашты ылғалдандырып, тез өсуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар шаштың ұштануының алдын алады.
Сусабынды барынша аз қолдануға тырысыңыз. Тым жиі не тым көп мөлшерде қолданылған сусабын шаштың табиғи майлы қорғаныс қабатын жұқартып, ұштануына әкеледі. Шашыңызды екі не үш күнде бір рет жуған дұрыс. Әрине бұл шашыңыздың майлылығына, бас терісінің түріне де байланысты болады. Шашыңызды күнделікті жууға тура келсе, сусабын мен шашқа арналған кондиционердің екеуінің біреуін қатарлап қолданыңыз.
Температуралық әсерді азайтыңыз. Шаш кептіргіш, түзулегіш, бұйралағыш үлкен зиян әкеледі. Бұлардың бәріне бірден жоқ деу қиын. Біртіндеп бигудилерге, суық ауамен кептіруге көшіп, артынан олардан да бас тартыңыз. Шашыңыздың бөлме температурасында өзі кепкені дұрыс.
Бассейн, көлдерде жиі шомылатын болсаңыз, шашыңызды қорғайтын шараларды қолға алыңыз. Хлор, тұзды су шашты құрғатып, ұштануына әкеледі. Шашыңызға қорғаныс кондиционер, сарсу, спрей жағып емдеңіз.
Шашыңызды орамалмен сығып кептірмеңіз. Бұл шашыңызға феннен кем емес зиян әкеледі. Дұрысы шаш жуып болғаннан кейін қолыңызбен абайлап шашыңызды сығып алыңыз. Орамалмен тек артық суды сіңіріп алса болады.
Шашыңызды жүйелі түрде қиып жүріңіз. Шашыңызды өсіремін десеңіз, 2-3 айда бір рет, басқа жағдайда айына бір рет қырқып жүрген жөн.