Сезімтал теріге қауіпті компоненттер

Терісі сезгіш арулар косметикалық құралдарды ерекше мұқиятпен таңдаулары керек. Сізге косметиканың барлық түрлері жаға бермейді. Күтім көрсетудің орнына ол теріңізге зақым тигізе алады. Сол себепті келесі жолы косметика таңдағанда біздің кеңестерімізді еске алыңыз. Біз сезгіш теріге арналған косметика құрамында қандай заттар болмауы тиіс деген сұраққа жауап береміз.

Терісі сезгіш қыздар терісіне жағатын косметикалық құралдарды таңдаудағы қиындықпен таныс. Олар аллергия қоздырмайтын крем және басқа да косметикалық заттар іздеп, бірнеше түрлерін алып көреді. Тәуекелге барғанша, косметикалық құралдардың құрамын мұқият зерттеуге кеңес береміз.

Дерматологтар сезгіш теріге қауіпті болатын 7 негізгі компонентті атап отыр. 

Хош иіс беретін қоспалар

Хош иіс беретін синтетикалық ароматизаторлар аллергия тудыра алады. Ол терінінің қышуын, қызаруын қоздырады. Крем не басқа да косметикалық құрал алғанда иіссіз түрлерін таңдаған абзал. Әрине бұндай кремнің қатты иісі болмайды, есесіне теріңіз зардап шекпейді. Органикалық, табиғи косметика шығаратын компаниялар табиғи иіс бергіш заттарды ғана қолданады.

Консерванттар

Консерванттардың кейбір түрлері теріңізге жақпай қалуы мүмкін. Косметика алғанда оның құрамын оқып, ішінде метилизотиазолинон деген консерванттың болмауын қадағалаңыз. Ол қатты аллергияның себебі бола алады.

Бояғыш заттар

Сезгіш теріні мазалайтын қиындықтар осы бояғыш заттар әсері болуы мүмкін. Өз косметикаңызды түгелімен қарап шығып, құрамында колоранттардың жоқ екендігіне көз жеткізіңіз.

Фталаттар (фтал қышқылының эфирі) қауіпті химиялық қосылыс саналады, оның уақыт өте ағзада жиналу қасиеті бар. Фталаттар эндокриндік жүйенің жұмысына әсер етіп, ағзадағы гормондардың санын кемітеді. 

Комедогендік заттар күнделікті қолданатын косметиканың көбісінің құрамында болады. Олар безеу мен қара нүктелердің пайда болуына өз септігін тигізеді.

Сырттай белсенді заттар (ПАВ) кокамидопропилбетаин, диметиламинпропилен, стеарамидопропил, диметиламин деген құрамдас бөліктер ретінде белгіленеді. Олар қатты аллергия қоздырып, терінің  сезгіштігін арттырады.

Косметикаға таңдау жасаған кезде ең қарапайым, табиғи құралдарға назар аударыңыз. Косметика құрамы неғұрлым түсінікті және қысқа болғаны да дұрыс.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: Thinkstock