- Негізгі бет
- Сымбат
- Саяхатқа қажетті косметика...
Саяхатқа қажетті косметика
Саяхатқа аттанарда қыздар қандай косметикалық құралдар қажет болады деген мәселеге тап болады. Шабаданда жаңа көйлектерге орын табылу үшін және жүк тасып, күшіңді сарп етпес үшін travel-size форматындағы косметикаларды топтастырған жөн.
Барлық күтім жасайтын және декоративті брендтер мини-форматтағы құрылғыларды шығарады. Бұл өте ыңғайлы және тиімді: құтылар көп орын алмайды, кез келген өлшемдегі сөмкелерге сыйып кетеді және қол жүгін тасу нормаларына сәйкес, бұл да айтарлықтай маңызды. Ұшу кезінде тері құрғайды, оны жеткілікті түрде ылғалдандыру қажет. Межелі жерге жеткенше кішігірім қол кремі мен мини-құтыдағы термалды су сізге жеткілікті.
Саяхатқа өзіңмен термалды су алатындықтан, бет терісіне арналған түрлі лосьондар мен тониктерді үйде қалдырған жөн. Термалды су бірнеше пайдалы функцияларды атқарады: теріні ылғалдандырады және сергітеді, қызаруды басады, сондықтан әмбебаптығымен маңызды. Денеге арналған ылғалдандыратын, қоректендіретін құралдар мен аяққа арналған арнайы кремдерді де үйде қалдырамыз. Косметика сөмкесін артық құтылармен толтырмаңыз. Ылғалдандыратын май немесе күнге күюден кейін жағылатын крем алған жөн. Мұндай құрылғылар күн қаққан теріні бірқалыпта сақтап, ылғалдандырып, күннің әсерінен кейін теріні қалыпқа келтіруге көмектеседі.
Бетке арналған тазартатын сүтше, эмульсиялар мен түрлі көпіршіктерді жуынуға арналған арнайы сабынға алмастырамыз. Сатып аларда сабынның құрамын зерттеп, сезімтал теріге арналғанын таңдауға тырыс. Климаттың алмасуы, гастрономиялық құмарлық, күн, теңіз суы тері ахуалына кері әсер етуі мүмкін.
Жеке бас гигиенасына арналған құралдарды міндетті түрде қосамыз. Душқа арналған гельге келсек, оны әрдайым қонақ үй нөмірінен табуға болады. Сулықтар, антисептик құралдары мен күюге қарсы бальзамдарды косметичкаға қосу міндетті.
Декоративті косметикамен жазда абайлап дос болу керек, әсіресе ылғалды теңіз климатында. Терінің тітіркенуін және безеулердің алдын алу үшін қалың тоналды кремдер, опалар, еңліктер, көз бояулары мен макияжды бекітетін құралдарды құрлықта тастап кетсең болады. Саған керегі кірпікке арналған түрлі-түсті тушь, төрт түсті көз бояу (алдын ала әмбебап түстерді қарастырып ал), жарқын түсті далап, жеңіл тоналды эмульсия мен қолалайтын шиммерлі опа. Соның арқасында тері күтімін қамтамасыз етесің, сонымен қатар күнге күйген теріні айқындайсың.
Иіссуларға қатысты, парфюмериялық брендтер де косметикалық әріптестерінен қалыспай иіссулардың мини-нұсқаларын шығаруда. Егер сүйікті иіссуыңның кішкентай үлгісі жоқ болса, 10 сантиметрден аспайтын сәнді beauty-гаджет - «атомайзер» көмекке келеді. Бұл парфюмерияға арналған бүріккіші бар арнайы флакон. Оған иіссуді құю өте оңай.
Маникюр мен педикюрді алдын-ала жасап шыққан жөн. Өзіңмен: кутикуланы жұмсартатын майлы құрал немесе крем, кутикуланы ұқыпты кетіру үшін апельсин таяқшасын, тырнаққа арналған егеуіш пен лак кетіретін ремувер алған жөн. Ремувер – өте ыңғайлы құрал. Саған лакты кетіру үшін сұйықтық пен мақта қажет болмайды. Ремувер құтысында бәрі қарастырылған: тырнақты соған салып, бірнеше секунд күту керек, болды.
Ал шашқа арналған құрылғылардан үйреншікті сусабыныңды ала барған жөн. Өз шаш типіңе сәйкес сусабынмен жуу маңызды.
Шаш үлгісін жасауға арналған заттардан біраз уақыт бас тарта тұрған абзал. Өзіңізбен бірге шаштарыңыз да демалсын. Ұсақ-түйек заттардан аяққа арналған пластырь алып алыңыз – жаңа аяқ-киім кимек болсаңыз қажет болады. Сонымен қатар күннен қорғайтын гигиеналық далап та артық етпейді.
Сурет: ellegirl.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina