Сәтті болам десеңіз...

Адамдарға ерекше әсер еткіңіз келеді ме? Белдемше киіңіз!

Хартфордшир университеті ғалымдары қызықты тәжірибе жүргізген. Олар 306 еріктілерден берілген суреттегі кісілерге баға беруді сұрапты. Суреттегі адамдар - шалбарлы костюм киген ер кісілер мен әйелдер, сондай-ақ белдемшелі костюм киген әйелдер. Суреттегі кісілердің беттері көрінбейді. 

Тәжірибеге қатысқан адамдар суреттегі кісілерді бірнеше критерий бойынша бағалады: өзіне деген сенімділік, табыстылығы, айлығы және т.б. Сұралғандардың көбісі бар болғаны 3 секундта, ойланбастан белдемше киген әйелдер бейнеленген суреттерді таңдаған екен. Гардеробтың осы бұйымы арқасында олардың бойынан өзіне деген сенімділік және қаржылық тұрақтылық байқалып тұрды.

Ал сіздің таңдауыңыз қандай? Белдемше ме, шалбар ма?


Суреттер  modobzor.ru, modnostilno.blogspot.com, fashion-hits.ru сайттарынан алынды.