- Негізгі бет
- Сымбат
- Сәнді тренд –...
Сәнді тренд – bubble маникюр
Фото:
pinterest.com
Маникюр әлемінде де сәнді трендтер пайда болады. Кей трендтер көңіліңізден шықпауы мүмкін, алайда арасында жаңа дизайнды да байқап көруге болады. Вubble маникюрі бұрыннан бар, бірақ осы мерзімде сәнқой қыздар арасында кең тарап кетті.
"Вubble" сөзі ағылшын тілінен "көпіршік" деп аударылады. Бұл маникюрдің бір артықшылығы – кез келген ұзындықтағы тырнаққа жарасуы. Ол қысқа тырнақта әдемі тас секілді көрінеді. Ұзын әрі жіңішке тырнақта ерекше әдемі көрінеді. Оны жылан терісіне ұқсатып та жасауға болады. Бұл дизайнды барлық тырнаққа немесе тек бірнеше тырнаққа жасайды. Мұндай дизайнды жасау бұрын көп уақытты алатын, ал қазір оны сабын көпірігі арқылы жылдам істеп береді.
А. Жапатова