Сән-2016: Көзілдіріктер

Сән-2016: Көзілдіріктер
Фото: Айкөркем Қуатова

Күн көзінен қорғайтын көзілдіріктер ешқашан сәннен шыққан емес. Жыл сайын сән әлеміне көзілдіріктің түр-түрі еніп, бірінің орнын бірі алмастырып келеді. Ендеше, 2016 жылғы көзілдіріктермен таныссақ. 

Биылғы сәнге енген көзілдіріктер мейлінше кең, жалпақ. Былтырғы сопақ, тікбұрышты көзілдіріктердің орнына «мысық көзді», авиатор, «futuristic» көлемділері келмек. Көзілдіріктердің түрі мен түрлі өрнектері де, қанық бояулар да сәнқой бикештердің көңілінен шығары сөзсіз.

Леннон көзілдіріктері

Атақты «The Beatles» тобының негізін қалаушы, әрі әншісі Джон Леннон ешқашан көзінен тастамаған шағын ғана дөп-дөңгелек көзілдіріктер Леннон көзілдірігі деген атқа да ие. Міне, солар биылғы сәнде болмақ.

Ерекше пішіндер 

Ешқандай стандартқа сай келмейтін, ерекше пішінді көзілдіріктер де биылғы сәннің бір бөлшегі. Олардың пішіні ғана емес, түстер палитрасы да әрқалай. Сонысымен иесіне ерекшелік, құпиялық сыйламақ.

Мысық көзді 

50 жылдардың соңы мен 60 жылдардың басында сәнде болған бұл көзілдіріктер бізге қайта оралды.

Линза-айна 

Айна іспеттес әйнекті көзілдірітер бұрынғысынша көш басында қала бермек. Әрине, басты назар оның әйнегінде болғандықтан мұнда пішінге аса мән берілмейді. Қандай пішінді, не түсті таңдасаңыз да, биылғы сәннен алыстамайсыз.

Көлемді көзілдіріктер 

Gucci, Versace, Prada, Dolce & Gabbana сынды белгілі брендтер биыл көлемді көзілдіріктерге көп мән беріпті. Ал олардың араларындағы басты айырмашылықтар – ондағы өрнектер.

Авиатор 

Авиаторлардікіндей пішінді көзілдіріктер де биыл сәнқойлардың назарында болмақ. 70 жылдары ерекше танылған мұндай көзілдіріктер бүгінде классика категориясына да еніп үлгенген.

Өрнекті көзілдіріктер 

Өрнекті көзілдіріктер қысқы сән маусымында да алдыңғы қатардан көрініп, жаңа маусымда да сәннен шыққан емес.

Геометриялық дәлдік 

Трапеция мен квадрат. Геометриялық дәлдікке негізделген көзілдіріктер де көптің назарында болмақ.

Қабылан өрнекті 

Олардың пішіні әрқалай болуы мүмкін. Бастысы қабылан терісіндей ала өрнектің болуы.

Біртүстілік

Қанық түстер сәнде болмақ. Соның ішінде классика саналатын қызыл мен қараға ерекше мән берілмек.

Oversize 

Яғни өте үлкен. Биыл тек киімдер ғана емес, көзілдіріктердің де oversize стилі сәнде болмақ. Сондықтан өте үлкен көлемді көзілдіріктерді қорықпай таңдаңыз.

Н. Үсенова