Салмақ тастауға көмектесетін 5 азық-түлік

Салмақ тастауға көмектесетін 5 азық-түлік
Фото: ucgozbiberbaharat.com

Қыздардың қалауы – гауһартас емес, дене мүсінінің сымбаты. Диетологтар өзіңді қалыпты формада ұстаудың түрлі әдістерін ұсынып келеді. Солардың қолжетімдісі әрі пайдалысы төмендегі 5 азық-түлік.

Орамжапырақ

Без названия

Орамжапырақтың кез келген түрі салмақ тастауға көмектеседі. Оның құрамындағы дәрумендер ағзаға энергия береді және денедегі артық майларды ыдыратады. Брокколи мен түрлі-түсті орамжапырақты көбірек жеу адамдарды күйзелістен қорғайтын көрінеді. Әрі уайым үстіндегі адамдар қолданса тыныштандырып, ұйқының режимін қалыпқа келтереді.

Шпинат

5-1

Бір тәрелке шпинаттағы килокалорияның мөлшері бар болғаны 41-ге тең екен. Демек мүлде май жоқ деген сөз. Сол себепті оны салмақ тастап жүргендерге жей беруге болады. Аптасына 2-3 порциядан кем емес шпинат адамға сергектік сыйлайды екен.

Астық тұқымдастар

Krupa-7

Бұл өнімдерді пайдалану ағзаңызды артық зиянды заттар мен шлактардан тазартады. Бастысы оларды бірден емес, мысалы бүгін күріш болса, ертең қарақұмық, бірсігүні басқасын деген сияқты кезекпен қолданған жөн.

Балдыркөк

polza-kornevogo-seldereya-protivopokazaniya-i-sposoby-upotrebleniya-615x460

Бұл таптырмайтын диеталық тағамның бірі. Ол да ағзаны тазартып, калорий қоспауға көмектеседі. Сондай-ақ, балдыркөк ағзаны артық тұздардан да тазалайды.

Карри

1299bc8f733072ed79060da13c3628b8

Тұздықтардың бұл түрі денені артық сұйықтықтан арылдаты. Карри - өте күшті энергетикалық азық, ол тек сергектік ғана емес, белсенділіктің артуына да көмектеседі.

Дереккөз: ikerim.kz

Г. Берік