Біреулер түрлі диеталарды ұстанып, жаттығу залдарына барып, артық салмақтан арыла алмай жүрсе, басқаларына салмақ қосуқиынға соғады. Көбі мұны генетикамен байланыстырады. Алайда диетолог Айгерім Раимованың айтуынша, тамақтану режимі мен салауатты өмір салтын ұстанған жағдайда, салмақ қосу немесе тастау еш қиындық туғызбайды. Осы ретте маман Tengrinews.kz тілшісіне дұрыс тамақтану мен спорттың арқасындасалмақ қосудың қаншалықты мүмкін екенін айтып, бірнеше кеңес берді. Диетологтың айтуынша, дене массасының аз немесе тым көп екені белгілі бір формулалар арқылы анықталады. - Бүгінде дене массасын анықтауға арналған түрлі формулалар бар. Бірақ мұнда адамның салмағы мен жасынан бөлек, оның белсенділік деңгейі қандай екенін ескеру өте маңызды. Сондай-ақ, белгілі бір режимді ұстану -салмаққа әсер ететін бірден-бір фактор. Ал екінші фактор, ол - адамның психологиялық жағдайы.Адам өзін сол салмақта ыңғайсыз сезінсе,онда ол адаммен арнайы бағдарлама бойынша жұмыс жасалады. Ал анорексия секілді аурулар болса, арнайы мамандар, дәрігерлер мен психологтар жұмыс істеуі керек, - дейді Раимова. Осы ретте маман бургер, тәттілер сияқты ауыр тағамдарды көптеп жейтіндерің кейбіреуінің салмағы неге сол қалпында, өзгеріссіз тұра беретінін түсіндіріп өтті. - Арық немесе толық адамдарда болсын, салмақ бір қалыпта тұратын жағдайлар өте көп. Диетологияда екі термин бар: диеталық плато мен фитнес плато. Фитнес плато деп отырғанымыз адам физикалық жаттығулармен айналысса да, ол еш салмақ түсіре алмайды. Ал диеталық, өзі айтып тұрғандай, майлы, ауыр тағамдардан бас тартып, дұрыс тамақтанса да, салмақ не түспейді, не қосылмайды. Көбіне мұнда генетикалық фактор әсер етеді. Яғни гормондардың жұмысы. Гормон қызметі бұзылған жағдайда салмақ проблемасы шешілмейді деуге болады, - дейді диетолог. Оның айтуынша, мұнда тек бір шешім бар. Ол - калораж профицитін дұрыс есептеп шығару. - Әрбір адамның өзінің калоражы бар. Калораж зат алмасу үшін қажет. Калораждың қанша екені формула арқылы анықталады. Өмір бойы тамақты аз жеп келген адамға көп тамақ жегізіп үйрете де алмайсың. Сол үшін адам организмінің ерекшелігіне байланысты арнайы бағдарлама дайындалады, - дейді Раимова. Қажетті калораж есептелген соң оған дұрыс тамақтану кестесі жасалады екен. Ол кестеде тек организміне қажетті өнімдер жазылады. Бірақ, диетологтың айтуынша, салмақ жинаймын деп көп мөлшерде тамақтану кері әсерін береді. Мұнда ең бастысы - дұрыс тамақтану менспорт. Тамақтану режимі деп отырғанымыз, тамақты қабылдау мерзімділігі, тамақ қабылдау аралығындағы үзіліс, тәуліктік рационға кіретін калорияны бөлу. Маман жүйелі түрде спортпен айналысқан адамның тәбеті де ашылып, дұрыс жасалған жаттығулардың барлығы дене массасын арттыратынын айтады. (...) Қаныққан және қанықпаған майлар болады.Табиғи майлар молекуласындағы қаныққан май қышқылдары стеарин, пальмитин, ал қанықпаған май қышқылдары олеин, линол, линолен қышқылдарынан тұрады. Табиғи және жануар, өсімдік майларын да қолданған жөн. Яғни, ет өнімдері мен сүт өнімдерінің құрамында осы майлар болады. Оларды көбірек жеу керек. Протеин, изолятты да ұмытпау қажет. Изолят біз жеп жүрген сүзбенің құрамында кездеседі. Осының барлығын рационға қосып, ең бастысы режимді бір қалыпты ұстау керек, - деп кеңес берді маман. Сондай-ақ, диетолог денсаулыққа ешбір зиян келтірмей салмақ қосу үшін консерванттар мен бояғыштары бар тамақтардан бас тартуға кеңес берді. Айтуынша, көмірсулар, майлар және ақуыздар организмге қажетті жағдайда түссе, салмақ қосу әбден мүмкін. Дереккөз: tengrinews.kz