- Негізгі бет
- Сымбат
- Рок-н-ролл макияжы...
Рок-н-ролл макияжы
"Бұзақы" қыз стилі ұнайды ма? Ендеше бұл маусымда ерекше сәнді рок-н-ролл стиліндегі макияж жасап көріңіз.
Бұндай макияждағы басты бөлік - қатты сүрмеленген көздер. Сондықтан біріншіден көздеріңізді қара қарындашпен сызып шығыңыз. Кейін қанық күңгірт түстердің біреуін таңдап, қабақ бояуын жағыңыз. Қара, көк түстері бұндай макияжға келеді. Қабақ бояуының шекарасын білінбейтіндей қылу керек. Кірпікті ұзындатып көрсететін тушьпен бояңыз.
Ерінге қалауыңыз бойынша қызыл далап жақсаңыз болады. Алайда рок-н-ролл макияжы шабдалы түстес далап пен жылтырмен өте жарасады.
Бұндай макияжда еңлікті мүлдем жақпаған дұрыс.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: vk.com, studio-immerschoen.de.
С. А