Ірімшіктен дайындалған маска - терінің қартаюын және пигменттенуін алдын алатын тамаша косметологиялық құрал. Кез келген теріге жарайтындығымен әрі барлық дүкенде сатылатындығымен тиімді. Бүгінде ірімшіктен жасалатын масканың көп түрі бар.
- Құрғақ теріге арналған маска Оны дайындау үшін 2 ас қасық жылы сүтке 1 ас қасық майлы ірімшікті араластырыңыз. Артынша уқалау әдісі арқылы бетіңізге біртегіс етіп жағыңыз. Арада 20 минут өткен соң жылы сумен шайыңыз.
- Бетті ылғалдандыруға арналған маска Сәбізді майда үккіштен өткізіңіз. Үстіне сәбіздің мөлшеріндей майлы қатық қосыңыз. Пайда болған негізді 2 шай қасық зәйтүн майымен толықтырыңыз. Дайын болған масканы бетіңізде 20 минут ұстаңыз.
- Беттің жылтыр майынан арылуға арналған маска Қымыздық сабағымен майсыз ірімшікті араластырып, үстіне 1 жұмыртқаның ақуызын, 1 шай қасық бал және 0,5 лимон шырынын қосыңыз. Дайын болған біртекті масканы бетіңізге жағыңыз. 15 минуттан соң жылы сумен шайыңыз.
- 1 ас қасық ірімшік пен майдалап туралған ақжелкенді араластырыңыз. Масканың үстіне ашыған сүт құйыңыз. Оны да 15 минут ұстаған жөн. Ашытқан қырыққабат пен 1 ас қасық ірімшікті араластырыңыз. Үстіне нан үгітіндісі мен 2 ас қасық зәйтүн майын қосыңыз. Ас қасық қырмызы тұнбасын қосуды ұмытпаңыз. 15 минуттан кейін суық сумен шайыңыз. Сұлу болып көріну қиын емес. Бар болғаны бірнеше құпияны білу керек.