Праймер деген не?

Праймер деген не?

Праймер немесе макияж астына жағылатын негіз - теріні жарқырату және көпке шыдайтын макияж жасауда таптырмас құрал. Ол жайлы көбірек білейік.

Праймердің негізгі қызметі - теріні макияж жағуға дайындау. Ол бет терісін тегістеп, біркелкі, жұмсақ қылады. Макияж астына жағылатын негіздің үстіне жағылатын реңк беруші крем күні бойы сақталып, теріге түзу, бір қалыпты жатады.

Праймердің түссіз, реңк беруші, ылғалдандыратын немесе керісінше майлы теріні залалсыздандыратын түрлері бар. Ол теріңізді ағартып, реңк бере алады.

Жасыл реңкі бар праймер терінің қызаруы мен ұшықтарды жасырса, ақ және көгілдір түсті түрлері терідегі күңгірт дақтарды ағартады. Теріңіз тым бозарған болса, алқызыл негізді қолданыңыз. Ал алтын немесе қола реңкі барлары теріңізді күнге күйген қылып көрсетеді. 

Праймерді жұмсақ спонжбен жақсылап бетіңіз бойынша жағыңыз. Т-аймақта (маңдай, мұрын, иек) мұқият болыңыз, праймер терідегі майды сіңірсе де, оның бөлінуін реттей алмады, сол себепті бұл жерге көбірек праймер жағыңыз. Бірнеше минут праймердің сіңуін күтіңіз. Содан кейін ғана реңк беруші крем жағуға кірісіңіз.

Айта кетсек, көз терісі өте жұқа, құрғақ және нәзік болады. Сол себепті көз маңындағы теріге арнайы негіздер бар. Олар нәзік теріні қажетінше ылғалдандырып, көздегі макияждың ұзақ сақталуына кепіл болады. 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет:  tattysilva.com

 

С. А