Артық салмағы бар адам кез келген жолмен арықтауға тырысады. Алайда бастапқыда салмақ азайып келе жатып, нақты бір белгіде тұрып қалады. Одан кейін не істесеңіз де, төменге түспейді. Бұл құбылысты плато эффекті деп атайды. Бірақ ол уақытша ғана болғандықтан, оны жеңу жолдарын айтамыз. Арықтап жүрген адам ары қарай әрекет етуге ынтасын жоғалтады. Әрекет жасаса да, жай қанат белгісін () қою үшін ғана жасайды. Оның барлығы ойлағанынан бас тартуға және бұрынғы өмір сүру қағидасына оралуға итермелейді. Мұндай жағдайда плато эффекті мәңгі емес екендігін және арықтауды мақсат етіп қойған адамдардың көпшілігінде кездесетіндігін білген жөн. Оның басты себебі адам ағзасының жаңа жағдайға жылдам үйренуі жатады. Сонымен қатар, толық адамның денесіндегі зат алмасу өте жай жүреді. Физиологиялық ерекшелік бойынша 7 күнде кез келген арықтау әдісін қолдану барысында орташа есеппен 1-1,5% артық салмақтан ғана арылу қалыпты болып саналады. Тек шыдау керек, таңдаған бағытыңызда соңына дейін ұстаныңыз. Орта жолдан тастап кетпей, артық салмақтың азаюының тоқтап қалуын жеңетін кей әрекеттерді жасаңыз. Плато эффекті неден пайда болады? Арықтау процесінің бастапқы кезеңінде пайда болған плато эффектін жеңу үшін оның пайда болу себебін анықтап алған жөн. Оның себептері көп, бірақ плато эффектінің пайда болуына ықпал ететін негізгі факторларды ұсынамыз: - Ұзақ уақыт бойы монодиета ұстау. Бір ғана өнімді жеуге негізделген арықтау әдісі адам ағзазына нағыз сынақ. Ол зат алмасуды баяулатады; - Күнделікті тамақтану үлесіңізде қоректік заттардың түрлері болмау. Арықтауға арналған қатаң диеталар, әдетте, дене келбетіне зиянды, бірақ маймен және көмірсумен қаныққан заттарды алып тастайды. Сол плато эффектіне әкеледі;- Артық салмақтан арылуда бір ғана әдісті қолдану. Егер спортпен айналысып, бірақ тәтті калориялы тағамды жеу кезінде немесе керісінше, қатаң диета ұстап, бірақ спортпен айналыспасаңыз, плато эффектінен құтыла алмайсыз;- Алкоголь ішу. Алкоголь тәбетті ашады, соның себебінен калориясы көп тағам жейсіз;- Ағзаға су, дәрумен және минерал жетіспесе, ас қорыту жүйесінде проблема болса, арықтау кезінде кері әсер береді. Плато эффектін қалай жеңуге болады? Артық салмақтан арылу кезіндегі кідірісті жеңу қиын емес. Алайда шыдамды болу керек және бұл мәселені шешу үшін кешенді амал қолдану қажет. Басқаша айтқанда, плато эффектін жеңудің 3-4 әдісін алып, оларды уақытылы орындаңыз. Арықтау үшін қатаң диетада отырудың қажеті жоқ. Өзіңізге аптасына 1-2 күн жеңіл тамақ берілетін күн жасауға болады. Оның негізін монодиета құрайды. Мысалы, сол күні тек алма жеп немесе тек айран ішіп өткізесіз. Қатаң диета ұстап жүргенде арасында өзіңізге босаңдық жасаңыз. Басқаша айтқанда, өзіңізді 5-7 күн сайын сүйікті тәттілеріңізбен қуантыңыз. Мұндай диетаны жоспарлы бұзу cheat meal деп аталады. Аптасына бір рет қалыптыдан өзгертетін тағам азықтық шектеуге еркін қарауыңызды жақсартады және зат алмасуды тездетеді. Нәтижесінде плато эффектін кетіруге көмектеседі. Спорттық жаттығуларға келсек, оған да кей өзгерістер қосу керек. Біріншіден, физикалық жүктемені таңертең ертемен, яғни таңғы асқа дейін жасауды әдетке айналдырыңыз. Ол таңғы жүгіру немесе йога болуы мүмкін. Бұл әдіс зат алмасуды белсенді ете түседі. Екіншіден, аптасына екі рет интервалды режимде кардио жасаңыз. Мұндай әр машықтану 40-45 минутты құрау керек. Оны 5 минуттық ширатудан бастаңыз. Содан соң 15 минутыңызды орташа қарқынды кардиоға жұмсаңыз. Одан кейін жүктемені 60 секундқа ең жоғарғы деңгейге көтеріп, 2 минутқа бұрынғы қарқынға оралыңыз. Осы әдісті 4-5 рет қайталаңыз. Машықтануды 10 минуттық төмен қарқынмен аяқтаңыз. Плато эффектін жоюға SPA-салонға немесе моншаға бару көмектеседі. Мұндай процедуралар ағзаны токсиндерден жақсы тазартып, зат алмасуды жылдамдатады. Моншаға спорттық жаттығудан соң бірден бару ұсынылады. Сонымен қатар, ондай жерлерге барар күні тамақ аз жеуге тырысу керек. Оған аптасына екі рет барған дұрыс. Жақсы нәтиже алу үшін бұл процедураны контрастты душпен және массажбен араластырған жөн.