- Негізгі бет
- Сымбат
- Өзіңізді мінсіз сезінгіңіз...
Өзіңізді мінсіз сезінгіңіз келсе...
Әрдайым әдемі, сұлу болу үшін спортпен шұғылданып, уақытымен дұрыс тамақтану керек. Салауатты өмір салтын ұстану арқылы сіз өзіңізді мінсіз сезіне аласыз. Сонымен қатар денсаулығыңызды да жақсартасыз. Қашанда құлпырып жүргіңіз келсе, төмендегі мына қағидаларды қаперде ұстаңыз.
1. Іштің сымдай тартылып тұруы – барлық қыздың арманы. Ал ол үшін прессті жаттықтыру керек. Егер күнделікті пресс жаттықтырып тұрсаңыз, іштегі артық салмақтан оңай құтыласыз.
2. Жаяу жүруді әдетке айналдырыңыз. Кешке қарай міндетті түрде серуендеуге шығыңыз. Өйткені сіз жаяу жүру арқылы аяғыңыздың формасын дұрыстайсыз.
3. Егер спортпен шұғылдануды ұйғарсаңыз, онда міндетті түрде жаттығу соңында керілуді ұмытпаңыз. Себебі керілу -бұлшық еттің иілгіштік қасиетін сақтайды.
4. Күн сайын таңертең су ішіңіз. 2 стақан судан кейін таңғы асыңызды ішуге кіріссеңіз, көп жеп қоям деп қорықпауға болады.
5. Таңғы ас алдында қыз балаларға бір қасық зәйтүн майы өте пайдалы. Ол тек теріңіз бен шашыңызды қалыпқа келтіріп қоймайды, сондай-ақ етеккір циклін жүйелендіреді.
6. Тамақтанып болған соң бірден су немесе шай ішпеңіз. 40 минуттай астың қорытылуына мүмкіндік беріңіз.
7. Зат алмасу процесі тездету үшін жиі тамақтаныңыз, бірақ аз-аздан. Күніне 5 мәрте жеткілікті.
8. Жүйелі түрде саунаға барып тұрыңыз. Ол сіздің теріңізге өте пайдалы.
9. Ас қорытылып үлгеру үшін ұйықтардан 3-4 сағат бұрын тамақтанып алыңыз.
10. Кешкі сағат 4-тен кейін жеңіл-желпі заттар жеуге тырысыңыз (жеміс-жидектер, көкөністер).
11. Контрасты душ қабылдап үйреніңіз. Сол кезде целлюлит не екенін де ұмытасыз.
12. Тамақты асықпай жеңіз. Ол тек зат алмасуды жеделдетпейді, сонымен қатар көпке дейін тоқ жүруге де көмектеседі.
13. Теледидардың алдында жатып тамақтануды қойыңыз. Сіз олай артық салмақтан арыла алмайсыз. Үнемі үстел басында ішіңіз.
14. Қарныңыз қатты ашып қалса, өз-өзіңізді алаңдата тұрыңыз. Мысалы: 20 рет отырып тұрыңыз, ваннаға түсіңіз, әдемі киім-кешектер қараңыз т.б.
15. Компьютердің алдында көп отырып қалмаңыз. Жарты сағат сайын жаттығу жасап тұрыңыз.
Мұның бәрі сіздің қолыңыздан келеді. Ең бастысы бүгіннен қалдырмай бастап кетіңіз. Іске сәт!
Ж. Исакаев