Әр елдің қыз-келіншектері шаш күтудің түрлі амалдарын қолданады. Соған сараптама жүргізіп көрсек қайтеді?
Ағылшындық тәсіл. Тұманды Альбион тұрғындарының әйелдер қауымы шаштарын әсемдеу үшін тауық жұмыртқалары мен балды қолданады. 2 жұмыртқаның сары және ақ уыздарын бір-бірінен ажыратып алған жөн, себебі, жұмыртқаның ақ уызы шашты бастастырып тастайды. 2 сары уызды 1 ас қасық балмен араластырыңыз. Қоспаны дымқыл шашқа жағып, бірнеше минуттан соң, жақсылап жуып тастаңыз.
Жапондық тәсіл. Шығыс әйелдері шаш күтіміне үлкен әжелерінен қалған дәстүрлі әдіс – күрішті көп пайдаланады. Күріш дәндерінен жасалған маскалар шаштың барлық түріне жарайды, шаштың жылтыр болуына және қайызғақтан сақтайтын емдік қасиеті бар. 2 ас қасық күріш арағына (сакэ) 1 лимон шырынын, 1 ас қасық бал қосып араластырады. Қоспаны 15-20 минутқа басқа жағып, артынан мұқият жуып тастау керек. Жапон әйелдері бадам майын қатты бағалайды. Оны үйлерінде бағалы зат ретінде қымбат фарфор ыдыстарында сақтайды екен. Күншығыс елінің әйелдері теңіз тұзымен араласқан бадам майын әдеміліктің сиқырлы суы деп бағалаған. 1 шай қасық теңіз тұзын 1 стақан минералды суға езіп, 1 ас қасық бадам майын қосып жақсылап араластырады да, бас терісіне жағып, 10 минуттан соң, жуып тастайды.
Болгарлар тәсілі. Шашқа жағымды хош иістер беру үшін, болгарлық әйелдер ерте заманнан бері раушан гүлдерінің күлтерлерінен дайындалған тұнбаны қолданған. Оның дайындалуы оңай. Гүлдер сола бастағанда, оның күлтерін абайлап теріп алыңыз да, үстінен суық су құйып, қараңғы жерге қой, екі күн тұру керек. Шашты тазалап жуып алғаннан кейін осы тұнбаны шашқа бүрку керек. Раушан гүлі хош иісті болғандықтан, бақыт гармоны – эндорфинның бөлініп шығуына ықпал етеді.