Өткен ғасырдың үрейлі косметологиясы

Өткен ғасырдың үрейлі косметологиясы

Әйелдер әр заманда сұлу болғысы келеді. Қазіргі таңда пилинг және жасарту процедуралары, шаш бояу мен қию, түрлі СПА-процедуралар ыңғайлы әрі әсем түрде ұсынылады. Ал өткен ғасырда сұлулық салондары тіпті басқаша еді. Бәлкім олар нәтижелі шығып, ауыртпай жасалған шығар, бірақ сырт көзге өте жаман, қорқынышты көрінді.

Элена Рубинштейннің сұлулық салоны, теріні қоректендіретін маска

Бас жазуға арналған мұз текшелерінен жасалған маска әсіресе Голливуд жұлдыздары арасында танымал болған


Көмірқышқыл газымен секпілдерді қатыру. Секпілді көмірқышқыл газымен мұздатқан. 1930 жылы қарапайым бітеуіштен басқа, шырышты қабатты қорғайтын ештеңе ойлап табылмаған. Сондықтан көз бен құлақты бітеуішпен жапқан. Оларды металл істік ұстап тұрған, ал ауызға фильтрлі трубка салып қойған, сол арқылы пациент процедура кезінде демалып отырған.


Әлемге әйгілі Макс Фактордың перманентті татуаж жасауға арналған алғашқы өнертабысы


Барокамерадағы қысымды Альпі тауы ауасының деңгейіне дейін түсіру арқылы теріге табиғи алқызыл реңк берген


Күн сәулесінен қорғануға арналған плащ, 1940 жыл


Массаж бен арықтауға арналған роликті кресло


Үлкен үш фен 1920 жылдары шашты тез кептіретін болған


1930 жылғы жеміс маскасы. Бұл бүгінге дейін ескірмеген қорқыныш тудырмайтын процедуралардың бірі болса керек.


1930 жылы шашты химиялық бұйралау, Германия


Бұйралауға арналған қысқыштар, 1940 жыл, Франция


Спортпен шұғылдануға арналған эспандер, 1940 жыл. Эспандер бүгінгі жылдарға дейін сақталып келді, бірақ түрленіп, жаттығу құрылғыларының бөлшегіне айналып кетті.

Сурет: vev.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina