Осы қыста сәнде болатын 3 шаш үлгісі

Шаш үлгіңізді өзгерту жоспарыңызда болса, оның қыста сәнде болатын түрлерін байқап көріңіз.

Заманауи Диана

Бірнеше ай бұрын Мэрилин Монроға арналған «Сары шашты әйел» фильмінің тұсаукесері болды. Осы фильмнен соң Голливуд иконасының бьюти-үлгісін қайталағысы келгендер көп болды. Ал қазір көпшілік «Тәж» сериалының жаңа маусымын талқылауда. Сериалда Диана ханшайымды Элизабет Дебики сомдады. Диана ханшайымның стилін бәрі бұрыннан қайталағысы келеді, бірақ бұл сериалдан соң оның шаш үлгісіне қызыққандар көбейді. Бірақ бұл шаш үлгісі өзгеріске енді, оның заманауи түрінде бұрынғыдай көлем жоқ: ұштары тегіс емес қысқартылған боб.

Кекіл

Кекіл басты трендтер тізіміндегі орнын берер емес. Көктемде өте қысқа кекіл, жазда тегіс, одан соң қисық кекіл сәнде болды. Ал енді маңдай ортасынан қысқалау болып басталып, екі жаққа каскад түрінде ұзара беретін кекілге мән беріңіз.

Клавикат

Қарапайым сөзбен айтсақ, бұл ұзартылған боб. Ол барлық қызға жарасады. Әдетте, бұл шаш үлгісі кезінде шашты тегістеп қияды. Ал кейбіреулер оның каскад түрін жөн көреді.