Органикалық косметиканың пайдалы екендігі рас па?

Organic жалғауы бар косметиканың тиімділігі мен қауіпсіздігіне шек келтірмей, толықтай соған көшіп жатқандар көп. Тіпті соңғы жылдары «барлық химия – зиян, ал табиғи өнімдер – пайдалы» деген ұғым қалыптасты. Осылайша, 2009 жылы Гвинет Пэлтроу өзінің Goop.com жеке веб-сайтында жұртты органикалық тағам мен косметикаға көшуге үгіттеді. Оның пікірінше, косметика құрамындағы синтетикалық қоспалар обыр, аутизм, Альцгеймер және Паркинсон ауруларына негіз болып, көптеген ауруларға ұшыратады. Мұндай тұжырым косметолог мамандардың наразылығын тудырып, жұрттың көзқарасын өзгертуі керек еді. Алайда Америка мен Еуропада органика сатылымы жыл сайын тек 20%-ға көтеріледі. Неге?

Органикалық косметика 40 жыл бұрын өзекті бола бастады. Хиппилер бейбіт әлемді насихаттап, атом энергиясына қарсы митингтер ұйымдастырып, табиғи өнімдердің пайдасына фастфудтардан бас тартты және сонымен қатар, сусабындары мен далаптарының құрамына да назар аудара бастады. Осылайша, толықтай немесе көбінесе өсімдік компоненттерінен тұратын косметика - «organic cosmetics» деген ұғым пайда болды. Органика теріге тиімдірек, пайдалырақ жән қауіпсіз бе?

Шындық: бірде-бір жануар жәбірленбейді

Жеке компонеттер де, түпкі өнім де ешбір жануар, не хайуанда сыналмайды. Жануарлардан алынатын шикізаттың ішінде тек бал арасы мен сүт қышқылы пайдаланылады. Бұл тұрғыда араға да, сиырға да еш зиян келмейді. Тіпті глицерин мен коллаген өсімдік майлары мен бидай өнімдерінен алынады.

Өтірік: органикалық – яғни тиімді, пайдалы, қауіпсіз

Химиядан мектеп бағдарламасы есіңізде ме? «Органикалық қосылыстар – бұл құрамында негізгі элемент ретінде әрдайым көміртек атомы болатын химиялық қосылыстар». Демек органиканың аналық пен аталықтар әлеміне еш қатысы жоқ. Бүгінгі таңда «органикалық» термині өсімдік арнайы жағдайда күтілген және бапталған деген ұғымды білдіреді. Алайда бұл түпкі өнімге еш әсер ете алмайды. АҚШ-тың ауылшаруашылық министрлігінің ресми сайтында өкіл Джоан Шэффер былай деп түсіндіреді: «...адамдар косметиканың сыртындағы органикалық белгіні, сонымен қатар USDA Organic белгісін де денсаулыққа тиімді немесе пайдалы деп дәлел ретінде қабылдамауы тиіс». Бұл органика зиян дегенді білдірмейді. Бұл органиканың тым керемет қасиетке ие емес екендігін білдіреді.

Шындық: «жасыл» брендтер тек өз пайдасын ойламайды

Пластик кем дегенде 50 жылда іріп-шіриді. Сондықтан органикалық құтылар табиғи материалдардан жасалады. Соның арқасында құтыларды кәдеге жарату немесе қайта өңдеу ыңғайлы.

Өтірік: аллергияны тек химиялық ингредиенттер тудырады

Ықтимал аллергендер химиялық компоненттердің де, табиғилардың да арасынан кездеседі. Көптеген өсімдік сығындылары аллергия тудырады, теріні қоздырып, тері тесіктерін бітейді, коллаген талшықтарын құртып, күнге сезімталдықты арттырады. Оларға эфир майлары, раушан, жалбыз, анелика, дәмдеуіштер, цитрус, эвкалипт, лаванда, гүлшетен, лемонграсс, иланг-иланг, емен қабығы мен шырша қылқаны, сандал ағашы жатады. Егер қолданып жүрген креміңіз осы сығындылардан тұратын болса қоқысқа лақтыруға асықпаңыз. Бұған дейін еш жағымсыз әсерін байқамаған болсаңыз пайдалануды жалғастыра берсеңіз болады.

Сонымен қатар, кейбір «жасыл» косметика өндірушілері барлық қалған өсімдік сығындыларында пестицид болады дегенді айтады. Ал пестицидтердің теріге біршама зияны бар. Негізінде өңдеу мен зарарсыздандырудан кейін өсімдіктер тыңайтқыштардан толықтай тазарады. Сондықтан, ең бастысы, органикалық болсын, басқасы болсын сапа стандарттарына сай болуы тиіс.

Шындық: пестицидтерсіз жақсы

Өсімдіктер пестицидтердің, химиялық тыңайтқыштардың, радиация, ГМО-ның қатысынсыз өсіріледі. Және күтіп-баптауға дейін жер кем дегенде үш жылға дейін осылармен өңделмеуі тиіс. Жан-жағында фабрика мен зауыттардың болмағаны абзал. Бұл өнімнің, қоршаған ортаның тазалығын, сонымен қатар егін жинаушылардың денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қандай қырыққабат залалсыз және дәмдірек: саяжай атызында бапталған ба немесе – пестицидтермен өңделетін ауқымды егістікте өсірілген бе? Бұл аналогия жеуге жарамсыз өнімдерге де қатысты.

Өтірік: органикалық сертификат – сапа кепілі

Екі жыл бұрын Еуропада ішек таяқшасы эпидемиясы орын алды. Германияның органикалық фермасында өсірілген бұршақ өскіндері бактериямен ластанып, төрт жүз мың адамның көз жұмуына себеп болды. Олар өскіндерді косметикалық өнім ретінде емес, тағам ретінде тұтынса да бұл қайғылы жағдай өнім қанша жерден сертификатталған болса да оның қауіпсіздігін білдірмейтінін көрсетті. Осының дәлелі ретінде АҚШ тағам өнімдері мен дәрілерді қадағалау басқармасының директоры, дәрігер Линда М. Кац New York Times газетіне берген сұхбатында: «Тұтынушылар органикалық немесе табиғи құрам/өнім оның химиялық нұсқасынан қауіпсіз деп ойламауы тиіс», - деп пікір білдірген.

Көптеген елдер органикалық өнімдерге қатысты жеке саясатын жасақтамаған. USDA мен ECOCERT-те (табиғи және органикалық косметикаға қатаң стандарттарды анықтаған халықаралық ұйым) мемлекеттік деңгейде қабылданған нормативтер бар. Ал әлем бойынша көптеген компаниялар өз ережелерін ойлап тауып, өз сертификаттары бойынша сатады. Осылайша, кез келген бренд шығарған өнімін «organic» деп ұсынуы мүмкін.

Шындық: органикалық косметиканың тұтынушылық қасиеттері дәстүрлі косметикадан еш кем емес

Көп жылдар бойғы тәжірибелер органикалық сусабындар мен душқа арналған гельдердің тамаша көпіршіктенуін қамтамасыз етті. Және бұрындары декоративті косметиканың тек қызыл, қоңыр, сарғыш түстері ғана қолданыста болса, қазірде түстер палитрасы әлдеқайда кең. Органика өндірушілері трендтен қалмауға тырысып, принтті опалар, мультитүсті еңліктер, ерін жылтырақтарын, ВВ-кремдерді ұсынуға тырысады.

Органикалық косметиканың артықшылықтарына сену немесе сенбеу – әркімнің өз ісі. Егер құрамы «жасылдарды» қалтырататын маскаңыз өзіңізге жақса, онда ешқандай «қарсы» пікірлерге назар аудармаңыз.

Эко-жауапкершілікті көтеріп жүрген брендтер

Жауапты эко-брендтер өз бетінше іріп-шіритін құтыларды табиғи құраммен толтырып қана қоймай, ерекше және нәтижелі түрде қоршаған ортаны сақтайды.

Aveda

Бұл марканың өнімдері бет, дене терісін, шаш күтіміне арналған құрылғылардан және иіссулардан тұрады. Сонымен қатар өнімдер жыл сайын органикалық қасиеттін арттырып келеді. Мысалы, шашқа арналған аведа спрейлері озон қабатын бүлдірмейді. Компания су мен жерді қорғауға қор жинау үшін әрдайым қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып тұрады, ал фабрика жел қуатымен жұмыс істейді.

Оrganic Colour Systems

Шашқа арналған салон бояулары аммиак және оны алмастырушы қоспаралардан ада. Оның орнына бренд жоғары температурамен бірге үйлескен төмен pH-фактор негізін пайдаланады. Мұндай жүйе мен формальдегидтің болмауы шашқа еш зиян тигізбейді және түстер палитрасына да шек қоймайды. Бұдан өзге OCS шашқа арналған O’right желісін шығарады. Барлық құрылғылар «Құтыдағы ағаш» қорабына құйылған. Құтылар жеміс және көкөніс крахмалдарынан жасалған. Түбіне дәндер тығылған. Бос құты қоқыс ретінде жерге тасталса, құрал шіріп, ал ұрық тыңайтқыш болады. Бір жылдан кейін құты ағаш болып бүршік жарады.

Natura Siberica

Италияның Этикалық және экологиялық сертификация институтының органикалық белгісін (ICEA) алған тұңғыш ресейлік өндіруші. Барлық өнімдер сібір өсімдіктерінен, мысалы, шайқурай немесе арктикалық таңқурайдан жасалады және аса қымбат емес. Сонымен қатар Natura Siberica Сібір өңіріндегі көптеген ұйымдар мен саябақтардың өсіп-өнуіне көмектеседі.

Дайындаған: Анар Мұстафина

сурет: www.elle.ru, www.william.coop