- Негізгі бет
- Сымбат
- Опа не тоналды...
Опа не тоналды крем? Қайсы дұрыс?
Жаз мезгілінде нені пайдаланған дұрыс – тоналды крем бе, әлде опа ма?
Бұл сұраққа нақты жауап жоқ. Жаз мезгілінде бетті тегістеп, бояу ағып кетпес үшін опа мен тоналды кремді біріктіре жаққан дұрыс болар. Егер тек біреуін ғана жаққанды қаласаңыз, бет теріңіздің құрылымына назар аударыңыз. Теріңіз майлы болса, беттің терлегенін жасыратын опа жаққан дұрыс. Ал егер теріңіз құрғақтыққа бейім, сезімтал болса, күннен қорғайтын қосымшасы бар тоналды крем қолданған жөн.
Олар не үшін қажет?
Тоналды кремдер мен опалар бет терісін тегістеп, түсін жақсартып, кемшіліктерді жасыруға арналған. Алайда екеуінің құрамы біраз өзгеше: тоналды крем әдетте сұйық, кремтектес, бетке тегіс жағылады. Опа болса, пресстелген немесе үгілген ұнтақ іспеттес болып келеді. Опа макияжды аяқтап, толыққанды етеді. Сонымен қатар, опа тері майын сіңіріп, Т-аймағының жылтылдауынан құтқарады.
Қалай таңдау керек?
Опа мен тоналды крем таңдаудағы ең маңыздысы – реңкін дұрыстап таңдап алу. Дүкенде берілетін пробниктерді қолданып, иек жағыңызға кішкене жағыңыз. Көптеген қолданушылар сұйықтықты қолдың сыртына немесе саусағына жағып көреді, алайда бұл дұрыс емес, өйткені бұл жақтағы тері реңкі бет терісінен қызылырақ болады. Тоналды кремнің қосымша міндетіне назар аударыңыз: ол тегістейтін, ылғалдандыратын, әжімдерге қарсы, құрамында SPF немесе жылтылдататын бөлшектері бар болуы мүмкін. Ал опаға келер болсақ, үйде - үгілген опа болғаны дұрыс. Ол бетке жақсы жағылады әрі қатты білінбейді. Ал түзде ықшам пудраны өзіңізбен алып жүріңіз, күні бойы бет макияжын қалыпқа келтіріп отыруға ыңғайлы. Опа таңдағанда да реңкіне назар салыңыз. Бет терісі майланатын қыздарға тегістейтін опалар жарайды. Ал жылтылдататын бөлшегі бар опаларды тегістеп жақпай, әрбір жерден жаққан дұрыс. Өйткені ол әжімдерді көрсетіп, терінің кедір-бұдырын айқындап тұруы мүмкін.
Сурет: mail.ru
A. Mustafina