Оңтүстіккореялық косметика өнімдері #1
Бұған дейін тоқталып өткен TonyMoly бренді сияқты TheFaceShop компаниясы да беделді брендтердің бірі. Бұл брендтің 2012 жылы 21 елде 930 дүкені ашылса, осы жылдың сәуір айындағы есеп бойынша 29 елде 2300 дүкені ашылған. Солардың ішінде Қазақстан, Тайвань, Жапония, Қытай да бар.
Қазақстандағы TheFaceShop дүкені
Бренд электроника саласында бүкіл әлемге танымал LG компаниясының демеушілігі арқылы жұмыс жасауда. TheFaceShop-тың концепциясы - табиғаттың өзі сыйлаған косметикалық заттар арқылы жасалған өнімдер. Оның негізгі мақсаты адам терісінің денсаулығы мен табиғаттың күші арасында тығыз байланыс орнату. Сондықтан, TheFaceShop адам терісіне барынша қауіпсіз косметика жасауды басты назарда ұстайды. Бренд өзінің танымалдылығын арттыру үшін «Корей толқыны» жұлдыздарымен тығыз жұмыс жасауда. Мысалға, бұрынғы SS501 тобының мүшесі, «Жігіттің сабаздары» сериалы арқылы танылған Ким Хен Джун, MissA тобының мүшесі, «Арманшылдар» сериалы арқылы атағы шыққан Сюзи, Girls' Generation тобының мүшесі Со Хен, актер Ким Су Хен және тағы басқа Кореяның жұлдыздарын жарнамалардан көруге болады.
Беттің серпімділігін өз қалпында ұстап тұру үшән бірнеше амал-тәсіл бар: күн астында ұзақ уақыт жүрмеу, бетке арналған арнайы жаттығулар мен массаждардың көмегімен қан айналымды жақсарту және ең бастысы – терінің ылғалдылығын сақтау.
Осыған байланысты TheFaceShop брендінің арнайы Flebote Collagenic XP деп аталатын сериясының өнімдері бар.
Бөрібұршақ (люпин) экстрактісі терінің ылғалдылығын ұзақ уақыт сақтап, оны ұстап тұру үшін арнайы тосқауыл болады. Омега 3,6,9 май қышқылдары терінің серпімділігіне өте пайдалы.
Бұл серияға кіретін өнімдер:
Лифтинг тонер (V-Lifting Toner)
Лифтинг крем (V-Lifting Cream)
Лифтинг эмульсия (V-Lifting Emulsion)
Көзге арналған лифтинг-крем (Total Lifting Eye Cream)
Collagen 703 Cream ІІ
The Wrinkle Stop with Backryuncho қартаюға қарсы өнімдер топтамасы
Бұл жинақтың негізігі құраушысы – пальма кактусының сығындысы. Пальма кактусы тек Оңтүстік Кореядағы Чеджу аралында ғана жүз жылдан астам уақыт бойы өмір сүріп келеді. Оның құрамында өмір сүруге бейім, адам терісіне пайдалы заттар кешені мол. Пальма кактусының негізінде жасалған косметикалық құралдар теріні ылғалдандырып, нәрлендіріп, беттегі қыртыстарды жазады. Жинақтың құрамына көз айналасына арналған крем (2500 теңге), бетке арналған крем (4700 теңге), реңк беруші құрал (2280 теңге) және эмульсия (2280 теңге) кіреді. Жинақ 30 жастан асқан әйелдерге ұсынылады.
Pomegranate and Collagen Skincare Range топтамасы
Pomegranate and Collagen сериясы анар мен коллаген негізінде терінің балғындығын қалпында ұстап тұру, тері ылғалдылығын өз деңгейінде сақтап тұру үшін жасалған. Жинақтың құрамы: бетке арналған крем (8 730теңге), негіз (8 730 теңге), эмульсия (5 630 теңге) және көзге арналған крем (8 730 теңге).
Қолдану реті: Негіз->Көзге арналған крем->Эмульсия-> Бетке арналған крем
Artist Touch Makeup Collection - макияж жасауға арналған құралдар топтамасы
Сезімтал теріге арналған CALMING SEED жинағы
Бұл серия өнімдерінің құрамында таману өсімдігінің дәні қосылған. Таману - 100 келі қатты қабықтың ішінен кемінде 5 келі пайдалы дән шығатын сирек кездесетін экзотикалық өсімдік. Таману дәні терінің тітіркенуін басатын қасиетке ие.
Топтама құрамы:
CALMING SEED SOS CARE Эссенциясы 9 760 тг;
CALMING SEED 1-SECOND CALMING Мист-тонері 7 200 тг;
CALMING SEED SKIN-RESTING бетке арналған крем 10 600 тг;
CALMING SEED жеңіл көбігі 0,01 тг.
Қолдану реті: Тазартуға арналған көбік-> Мист тонер-> Эссенция-> Крем.
NATURAL SUN AQ күнге қарсы құралдар жинағы:
Осы брендтің BB кремдері аса танымал, әрі барлық қолданушыларының үмітін әрдайым ақтап шыққан екен.
Бұл кремдердің бағасы 5 000 теңге мен 10 000 теңге аралығында.
Жалғасы бар...
Дайындаған Назерке Смағұл
Сурет: thefaceshop.com, faceshop.kz, facebook.com/ThefaceshopPhilippines