Терінің құрғап кетуі, майлануы, қабыршақтануы, безеулердің, қара нүктелердің пайда болуы, әжімдер - бұның бәрі сіздің күнделікті өмір тәртібіңіздің салдары болуы мүмкін. Өмір сүру тәртібі теріге қалай әсер ете алады?
Егер сіз отырыстар, би кештер, таңға дейінгі сауық кештерінде жиі қонақ болсаңыз.
Теріңіз құрғақ, тіпті кейбір жерлерде қабыршақтанып кеткен, бет терісінде әжімдер пайда бола бастады ма? Көздің астында күңгірт дақтар да үйреншікті жағдай болса, дабыл қағыңыз. Бұның бәрі ұйқыңыз қанбайтындықтын, теріге ылғал жетіспеушіліктің, терінің бояудан шаршағандығының белгісі. Теріні қалпына келтіру үшін, күніне бірнеше рет ылғалдандыратын гипоаллергенді кремді қолданыңыз. Кофе мен энергетикалық сусындарды кәдімгі сумен алмастырыңыз. Ал көз астындағы күңгірт дақтарды шай қалташалары немесе қияр тілімдері құтқара алады.Егер сіз жұмысқа қатты беріліп, мансабыңызды бәрінен де жоғары қойсаңыз.
Сізде безеулер жиі пайда болады. Бұның себебі жиі қолданылатын телефон болуы мүмкін. Сондай-ақ кеңседе орын алатын стрестік жағдайлар да тері жағдайына әсер ете алады. Сіздің дауаңыз - ұйқы. Жұмыстан шаршап келсеңіз, үй шаруалары немесе достармен отырысқа жоқ деп, дем алыңыз. Ұйықтар алдында макияжды жақсылап жуып, теріге қосымша күтім көрсетіңіз.Егер күніңіз далада өтсе.
Теріңіз күнге тез күйіп, түсін өзгертеді. Бетіңізде әжімдер көбейіп, теріңіз құрғап кетеді. Уақытыңыздың басым бөлігін далада өткізсеңіз, теріңіз күннің әсерінен ерте қартая бастайды. SPF көрсеткіші жоғары, ылғалдандыратын, күннен қорғайтын кремді күнделікті қолдануыңыз керек. Сондай-ақ құрамында А дәрумені және альфа-гидроксольді қышқылдары бар кремді таңдаған жөн, олар теріні ерте қартаюдан сақтайды.Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: missmedia.ru