"Омбре" маникюрын жасау

"Омбре" маникюрын жасау

"Омбре" атты тырнаққа лак жағу тәсілі маусымның жаңа трендіне айналды. Бұл маникюр бір түстің екіншіге өтуі арқылы іске асырылады, ал ombre сөзі "ашық түстің қанық түске айналуы" дегенді білдіреді екен.

Бұл маникюрдің жасалу жолы өте қиын. Сұлулық салонының маникюр шебері болмасаңыз, кішігірім өнер туындысын жасау оңайға соқпайды. Алайда неге жасап көрмеске? 

Массагеткз омбре маникюры жасалуының ең оңай тәсілін ұсынады.

 1. Макияжға арналған спонжды лак кетіретін сұйықтыққа малып, сулаңыз.

2. Қаңылтырдың кішкене бөлігін кесіп алып (тамақ пісіретін фольга болады), екі немесе үш түсті лакты тізіп жағыңыз. Арасын тіс шұқығыш көмегімен араластырып, түстердің бір-біріне өтуін қамтамасыз етіңіз.

3. Спонжды лакталған қаңылтырға, кейін тырнаққа басыңыз. Лак тырнақтың шетіне жағылып қалмау үшін басында тырнақтың жан-жағын майлы креммен жағып қойыңыз. Сонда саусаққа жағылып кеткен лак оңайлықпен кетеді.

 

4. Үстінен тырнақты түссіз лакпен бояңыз. Тырнақтың әбден кебуін күтіңіз.


Омбре маникюры дайын! 

Cуреттер: vk.com.

С. А