- Негізгі бет
- Сымбат
- Өкшелі аяқ киім...
Өкшелі аяқ киім таңдау
Қалың етіктерді былай қойып, жаңа аяқ киім алатын кез келді. Көктемгі аяқ киіміңіз ыңғайлы, ал ең бастысы әдемі болғай. Әрине әр ару өкшедегі туфлиге құмар. Өкшелі аяқ киімді таңдаудың да сырлары бар екен. Соларды біліп жүрейік.
- Есіңізде болсын, әр 2 см өкше саусақтарға 25% қысым түсіреді.
- Аяқ киімді өлшегенде оны отырып киіңіз, содан кейін барып тұрып, жүріп көріңіз. Отырғанда аяқ 0,5-1 см-ге кем болады.
- Таңдаған аяқ киіміңізді түзу жерге қойыңыз. Егер оның тұмсығы жоғары көтеріліп тұрса, ол ыңғайсыз болады.
- Күнделікті киемін-ау деген аяқ киімдердің өкшесі 6 см-ден кем болсын.
- Өкшенің беріктілігін тексеріп көріңіз, егер ол қолмен шайқалса, кейін сынып кетуі мүмкін.
- Өкше желімденіп емес, металл өзекшеге қағылып тұруы керек.
Және мынаны естен шығырмаңыз:
- 5,5 см-ден жоғары өкшені күнделікті кию денсаулыққа зиян.
- Биік өкшені аптасына 2-3 реттен артық кимеген жөн.
- Мүлдем өкшесіз аяқ киімді де жиі киген дұрыс емес, одан аяқ қатты шаршайды.
- Платформалы аяқ киіммен құлап қалу мүмкіндігіңіз әлдеқайда жоғары.
Кез келген өкшелі аяқ киімді дұрыс кие білу керек. Дене салмағын табан бойымен бірқалыпты ұстаңыз. Арқаны түзу ұстап, өкшеге қатты күш түсірмеңіз.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: nsk.lookmart.ru
С. А