- Негізгі бет
- Сымбат
- Өкшедегі фитнес...
Өкшедегі фитнес
Фитнестің жаңа бағыты "стилетто" сізге тез арада салмақ тастап, биік өкшеде оңайлықпен жүруді үйретеді.
Фитнестің бұл түрінің атауы латынның «stilus» сөзінен шыққан (таяқша, қалам). Кейін бұл терминмен өте биік өкшелерді атай бастаған. Ал енді фитнестегі жаңа бағыт та осылай аталады.
Бағыттың негізін итальяндықтар салды. Итальян фитнес-жаттықтырушылары арулардың спорттық өміріне жаңашылдық еңгізу мақсатында бұрын-соңды болмаған фитнес түрін ойлап тапты. Стилеттодағы жалғыз жаңалық - қарапайым жаттығуларды биік өкшелі аяқ киімде орындау.
Бұл жаттығулар қыздарға әдемі жүруді үйретіп қана қоймай, денсаулыққа да пайдасын тигізеді дейді олар. Қарапайым жаттығулар арқаны түзу ұстап жүруді, тепе-теңдік сақтауды үйретіп, аяқ бұлшық еттерін берік қылуға, артық салмақ тастауға көмектеседі-мыс.
Сондай-ақ стилеттоның басты мақсаты адамның реакциясын шапшаң қылып, өз денесін түгелімен басқара білуге дағдылау. Жаттығуларға 12 сантиметрлік өкше мен спорттық киім киіңіз. Бұл жаттығулар, өзіңізге, өзіңіздің сұлулығыңызға деген сенімділікті көтерері анық.
Дайындаған: Сания Аринова
С. А