Көптеген қыздар сыртқы және ішкі деңгейдегі проблемаларды шеше алатын «сиқырлы таблетка» болғанын қалайды. Алайда көпшілік ондай құралдың бар екендігін біле бермейді. Ол – магний. Бұл әмбебап құралды уақытылы қолдану арқылы өзіңізді таза терімен қамтамасыз етіп, барлық мүмкін наразылықты жеңіп, энергияға толы боласыз. Қарапайым шешім болғанымен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, адамдардың 80%-ы магнийді жеткілікті мөлшерде қабылдамайды екен.
Магнийдің көптеген пайдалы функциясы бар: ол қан қысымын реттейді, бас ауруын азайтады, бұлшыеттерді тонуста ұстауға көмектеседі, сүйектерді бекітеді. Оны тек таблетка түрінде емес, сонымен қатар осы минерал негізінде жасалған майлар мен спрейлер түрін де қолдануға болады: олар теріні жақсартады. Магний майын созылудан кейінгі ауырған дене бөлігіне немесе табанға жағуға болады.
Егер магний деңгейін тамақтану арқылы көтергіңіз келсе, қоңыр күріш пен бадам жаңғағын жеңіз. Кофеин мен қант деңгейін барынша азайтып, мүмкіндігінше антибиотик ішпеңіз. Күнде 300 мг магний таблеткасын ішу тамақтану үлесіне жақсы қосымша болып келеді.
Ең дұрысы, магнийді жаттығудан соң және ұйықтар алдында ішкен жөн. Себебі ол бұлшықеттердегі ауруды басады және ұйқысыздықпен күреседі.