Неліктен аяқ киімнен жағымсыз иіс шығады?
Кез келген аяқ киім уақыт өте ескіреді. Бірақ бәрінен де жаманы — жағымсыз иістің пайда болуы. Содан соң бұл иіс аяқтан да шығады. Неліктен аяқ киімнен жағымсыз иіс шығады және одан қалай арылуға болады?
Спортпен айналысасыз
Спорт — өзіңізді тонуста ұстаудың жақсы әдісі. Залда ұзақ уақыт болсаңыз, аяқ киім мен аяқта жағымсыз иіс пайда болады. Себебі жаттығу кезінде тер бездері күшті жұмыс істейді, кроссовкадағы температура жоғарылайды, ал аяқ терден ылғал бола түседі. Соның әсерінен пайда болатын парниктік әсер жағымсыз иіс шығарып қана қоймай, кейде саңырауқұлақ немесе бактериялық жұқпаның пайда болуының себебі болады.
Мүмкін проблемалардың алдын алу үшін жаттығудан соң қанша асығып немесе ерініп тұрсаңыз да, міндетті түрде душқа түсіңіз және залға арнайы аяқ киім алыңыз. Кроссовка ыңғайлы және сапалы болуы керек. Оның қолмен және машинада жууға болатын түрін таңдаңыз.
Сізде қанайналым проблемасы бар
Аяқ киімде жағымсыз иіс пайда болуының тағы бір себебі — нашар қанайналым. Дұрыс емес микроайналым себебінен аяқ терлеп қана қоймай, жиі ауыруы да мүмкін.
Бұл жағдайда жағымсыз иістен арылу үшін күнде таңды қысқа кардиожаттығудан бастауды және сергітуші душ қабылдауды әдетке айналдырыңыз. Осылайша, қанайналымды жақсартасыз.
Аяқ киімге күтім жасамайсыз
Гардеробтағы кез келген киім секілді аяқ киім де күтімді қажет етеді. Одан жағымсыз иіс пайда болмас үшін аяқ киімді әрқашан таза ұстаңыз және ішіне саңырауқұлаққа қарсы спрей шашыңыз.
Күйзелісте жүрсіз
Күйзеліс кезінде май бездері белсенді жұмыс істей бастайды. Жұмыстағы немесе үйдегі жанжалдар, кредит, келіспеушіліктер: бұлардың бәрі көңіл күйді түсіріп қана қоймай, денеден және аяқ киімнен жағымсыз иіс шығып кетуінің себебі бола алады.
Проблемалар — өмірдің бір бөлігі. Сізге қуаныш сыйлайтын нәрселерге көбірек мән беруге тырысыңыз.
Аяқтағы жұқпаны елемейсіз
Кейде аяқтағы немесе аяқ терісіндегі саңырауқұлық жұқпасы себебінен аяқ киімнен жағымсыз иіс пайда болады. Мұндай жұқпаны моншадан, бассейннен және басқа біреудің аяқ киімін кигеннен жұқтырып алуыңыз мүмкін. Жұқпа кесірінен тері ғана емес, тырнақ та зардап шегуі мүмкін. Сондықтан проблеманы байқаған бойда дәрігерге көрсетіңіз.
Сапасыз аяқ киім таңдадыңыз
Кейде сапалы материалдан тігілген аяқ киімнің өзінен шамалы иіс шығып тұрады. Ал сапасыз аяқ киімдерден өткір иіс бірден байқалады. Төмен сапалы синтетикалық материалдар ауа алмасуына кедергі келтіріп, парниктік әсер тудырады.
Шұлықты сирек ауыстырасыз
Шұлықты күнде ауыстырған дұрыс. Бұл ережені сақтамасаңыз, кейін саңырауқұлақ ауруымен және жағымсыз иіспен күресетін боласыз.
А. Жапатова