Терісі майлы адамдарда комедондар жиі бөлінеді. Камедон дегеніміз үстіңгі жағы шаң-тозаңның, косметика қалдықтарының мен қабыршақталып қалған эпидермистің бөлшектерінен қарайып кететін майлы бітеулер. Әдетте қара нүктелер мұрында пайда болады. Олардың құтылу мүмкін емес. Дегенмен, теріні үнемі тазалап тұру арқылы оларды азайтуға болады. Нәтижесінде теріңіздің түсі де жақсара түседі. Біз сіздерге үй жағдайында қара нүктелерден құтылудың тағы бір тәсілін ұсынамыз. Бұл рет-ретімен орындалатын кешенді шаралар жиынтығы.
Бетті булау
Камедондармен күрестің негізгі әдісі – бетті тазалау. Қара нүктелерді үйде дезинфекциялаудың барлық әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып тазалаған дұрыс. Ол үшін бетті булау қажет. Бетті булаған кезде майлы тесіктер кеңейіп, көп күш түсірмей, жылдам шығып кететіндей болуы тиіс. Булаудың негізгі шаралары:
– Булау ванналары – шағын кастрюльде суды қайнатып алыңыз да, оған шөптердің (түймедақ, шайқурай (зверобой), сәлбен (шалфей) қоспасынан 1 қасық , эвкалипт, шәй ағашы немесе лимонның бір тамшысын тамызып жіберіңіз. Кастрюльге еңкейіп, басыңызды қалың сүлгімен жауып алыңыз. Ыстық ауаны жұтып 15 минуттай отырған жөн.
– «Ыстық» маскалар – сізге булағыш әсері бар дайын маскалар қажет болады. Бұл көк балшықты дайын маскалар, «ыстық» скрабтар, арнайы булағыш жолақтар болуы мүмкін.
– Моншаға, саунаға бару, ыстық компрестерді қолдану. Гигиеналық есшаралар кезінде бу мен судың әсерінен терінің тесіктері ашылады. Моншаға түсу мен косметологиялық шараларды біріктіріп жіберсеңіз, әсері екі есе болады. Компресс ретінде түймедақтың ыстық қайнатпасын қолданыңыз. Бірнеше қабат қып дәкеге салынған шөпті сығып алып, бетіңізге басыңыз. Салқындаған кезде, ауыстырыңыз.
– Теріні дұрыс басамыз
Тесіктер ашылғаннан кейін, қара нүктелерді шығаруға кірісеміз. Қолыңызды жақсылап жуып алыңыз, сосын саусақ ұштарын дәкемен орап, оны сутек тотығының ерітіндісіне немесе басқа да арнайы антисептикалық лосьонға салып алыңыз. Жылдам шығатын ғана нүктелерді басыңыз. Қара нүктені екі жағынан бассаңыз, ол оңай шығуы тиіс. Егер қандай да бір камедондарды бір рет басқаннан шыға қоймаса, оған күш түсірмеңіз. Тазаланған теріні салицил қышқылының ерітіндісімен, майлы теріге арналған тоникпен сүртіп жіберіңіз. Тазалап болғаннан кейін косметиканы қолданбаңыз. Тері жақсылап демалу керек.
Тесіктерді кішірейту
Қара нүктелер пайда болатын тері тесіктерінің көлемін кішірейту үшін, арнайы құрамдарды пайдалануға болады. Тазалап болғаннан кейін, кепкеннен кейін жұқа пленкаға айналатын жұмыртқа ақуызымен тазалауға болады. Қияр лосьоны мен арақтан (2:1) дезинфекциялайтын лосьон дайындаңыз да, оны күні бойы ара-тұра теріні тазалауға пайдаланыңыз. Антисептикалық зат ретінде қырмызыгүл (календула) тұнбасы мен минералды су (бір стақанға бір ас қасық) да жарай береді.
Сонымен қатар, мұрындағы қара нүктелер дұрыс күтім жасамағанмен қатар, гормональдық проблемалар мен дұрыс таңдалмаған косметиканың да нәтижесінде пайда болуы мүмкін.
Дереккөз: anabol.kz