Егер мойныңызда әжімдер пайда бола бастаса, оның қыртысталу үдерісін баяулатуға болады. Тері жастығын ұзартатын бірнеше тиімді әдістерді ұсынамыз.
Мойында әжімдер не үшін пайда болады?
Адам жасы ұлғаюы — кез келген әжім пайда болуының басты себебі. Алайда кей факторлар мойынға әжімнің ерте шығуына себепші болады:
– Қарқынды күнге күю;
– Артық салмақ (немесе бірден көп салмақ тастау);
– Генетика;
– Сусыздандыру;
– Қалыпсыз өмір салты;
– Дұрыс күтім болмауы;
– Әлсіз бұлшықетке физикалық жүктеме жасау.
Әрине, біз генетика мен жасқа әсер ете алмағанымызбен, қалған факторлармен күресуге болады.
Мойындағы әжімдерді үй жағдайында кетіру
Алдын алудан (профилактика) бастаңыз:
– Жүру немесе компьютер алдында отыру кезінде дене күйіне назар аударыңыз: иегіңіз төмен түсіп тұрмай, жоғары көтеріліп тұруы қажет.
– Телефонмен сөйлесу кезінде оны иығыңызға қыстырмай, қолмен ұстап сөйлесуге тырысыңыз.
– Үлкен және аласа жастықтар қолданыңыз. Кітап оқу және смартфонды пайдалану кезінде жатпаған жөн.
– Ылғалдандырушы және құнарландырушы кремдер бетке ғана емес, мойынға да керек.
– Күніне 2 литр су — құрғақтықтан және сусыздандырудан құтқаратын қалыпты мөлшер.
Мойынға арналған гимнастика
Әжімдердің алдын алатын құралдардың бірі — мойынға арналған жаттығулар. Оларды аптасына 2-3 рет орындаңыз. Бұл жаттығуларды бетке арналған массажбен үйлестірсеңіз болады.
1. Басыңызды оңға және солға 10-15 рет бұрыңыз. Содан соң иегіңізді төмен түсіріп, қайтадан орнына әкеліңіз. Оны 10 рет қайталаңыз.
2. Алақаныңызды мойныңызға қойып, басыңызбен қозғалыс жасаңыз, ал қолыңызбен оған кедергі жасап тұруыңыз керек. Осындай 10 айналым жасаңыз.
3. Басыңызды оң жақ иыққа тигізіп, қайта орнына келерде сол жақ қолыңызбен жеңіл кедергі тудырыңыз. Осы жаттығуды келесі жаққа істеңіз. Оны 5 рет қайталаңыз.
4. Шағын орамал мен тұз салынған жылы су дайындап қойыңыз. Орамалды сулап, оны қатты етіп ораңыз. Оралған орамалды иек астына әкеліп, орамалдың екі ұшын бір-біріне тақап, содан соң қайтадан ала отырып, жылдам қозғалыстар жасаңыз.
Мойындағы әжімдерді кетіруге арналған маскалар
Үйде жасалатын маскалар — мойындағы әжімдерді кетіретін тиімді әдіс. Мынадай рецептерді байқап көріңіз:
– Картоп пен қияр. Картопты үккіштен өткізіп, оған 2-3 ас қасық қияр сығындысын құйыңыз. Дайын құрамды теріге жағып, сыртынан жылы орамалмен орап тастаңыз. 15 минут өткен соң, масканы жуып тастап, құнарландырушы крем жағып қойыңыз. Бұл процедураны аптасына 1 рет қайталаған жөн.
– Балшық. Ақ және көк балшықты минералды сумен араластырыңыз. Құрамды теріге жағып, 20 минуттан соң жуып тастаңыз. Әсері жақсы болуы үшін бұл масканы аптасына 2 рет жасаған жөн.
– Банан мен зығыр майы (льняное масло). Піскен жұмсақ бананнан езбе жасаңыз. Оған 2-3 шай қасық зығыр майын және бірнеше тамшы Е дәруменін тамызыңыз. Оны теріде 15-20 минут ұстап, аптасына 1 рет жасаңыз.