- Негізгі бет
- Сымбат
- Мінсіз тазарту: қарапайым...
Мінсіз тазарту: қарапайым кеңестер
Бет терісін ұқыпты тазалау керек екенін білеміз. Бүгінгі материалда оны дұрыс тазалауға арналған қарапайым кеңестер ұсынамыз.
1-кеңес: Көзіңізді уқаламаңыз.
Бойжеткендердің көпшілігі макияжды сүрту немесе жуыну кезінде көзді мақтамен немесе саусақтарымен қатты уқалап, теріні агрессиялық түрде созады. Соның себебінен тері мен кірпіктер зақым алуы мүмкін. Асықпаңыз. Косметиканы арнайы құралмен сүртіңіз. Егер тушь суға төзімді болса, мақтаны макияж сүртетін арнайы құралға сулап, көзіңізге қойыңыз. Қандай жағдай болмасын көзіңізді қатты уқаламаңыз. Бір рет зиян келтіріп, тазартқанға қарағанда бес рет ұқыпты жуыныңыз.
Негізінде арнайы құралға 4 дөңгелек мақтаны сулаған жөн. Оның екеуін ай түрінде кірпік астына салып, қалған екеуін жұмылған көздің үстіне қою керек. Содан соң аз уақыт күтіп, астыңғы және үстіңігі дөңгелек мақталарды айналдыра қозғап, тушь пен теньді сүртіңіз. Егер көзді қатты уқалап сүртіп немесе жуып тазартсаңыз, көздің айналасында әжімдер ерте пайда болады.
2-кеңес. Құралды қолдану нұсқамасы бойынша пайдаланыңыз.
Қаншалықты асықсаңыз да макияжды бет жуатын құралмен немесе қарапайым сабынмен кетірмеңіз. Макияж толық сүртіліп, тері балғын, күтілген болуы және тонусын сақтап қалуы үшін көздің айналасындағы макияжды кетіретін арнайы құралды қолдану қажет. Мұндай құралдарды нұсқамасы бойынша пайдаланыңыз.
3-кеңес. Тоникті ұмытпаңыз.
«Теріні крем жағуға дайындайды» — бұл анықтаманы кез келген тоник туралы мәтіннен оқи аласыз. Бұл жай айтылған сөз емес. Макияжды сүртіп және жуынып болғаннан кейін терінің PH тепе-теңдігі бұзылады. Тері құрғап, әлсіз болады. Тоник қалыпты қышқылды-сілтілік тепе-теңдікті қалпына келтіреді және тазартатын құралдың қалдықтарын жояды. Нәтижесінде терінің ұсақ тесіктері тазарып, крем жақсы жұмыс істейді. Тониктің қосымша мүмкіндіктері болады. Оның құрғататын, тегістейтін және ылғалдандыратын түрлері кездеседі. Сондықтан тоникті таңдарда теріңіздің типін ескеріңіз.
4-кеңес. Скрабты мөлшерден тыс қолданбаңыз.
Соңғы кездері сарапшылар скрабтар мен пилингтердің теріні жаңартып, ерте қартаюдың алдын алатынын айтып жатады. Бұл шындық, алайда оны көп қолдану кері әсерін беретінін де ұмытпайық. Сондықтан скрабтар мен пилингтерді аптасына 2 реттен көп қолданбаңыз. Егер бет теріңізде бөртпелер мен қызарулар бар болса және ерніңіз жарылған болса, скрабты қолданбаған жөн.
5-кеңес. Міндетті түрде ингредиенттер тізімін оқыңыз.
Теріңіз өте сезімтал болғандықтан, қауіпсіз құрал қолданғыңыз келсе, «Дерматологпен сыналған» (дерматолог сынағынан өткен) белгісінің болуын тексеріңіз. Косметикаңызда спирт, парабен және бояулар болмауы керек. Адамдардың көпшілігіне бұл ингредиенттер зиян тигізбегенмен, өте сезімтал терілерге зақым келтіруі әбден мүмкін. Сезімтал теріге Е, В дәрумені және дәндер сығындысы бар құралдарды таңдаған дұрыс.
А. Жапатова