- Негізгі бет
- Сымбат
- Мінсіз маникюрге арналған...
Мінсіз маникюрге арналған траферет
Нейл-дизайн техникасы трафарет пайдалануға міндеттейді. Олардың көмегімен түзу сызықтар немесе күрделілігі әрқилы өрнектерді салуға болады. Пленка немесе қағаз скотчты пайдалана отырып, үйде де маникюр жасауға мүмкіндік бар.
Трафарет не үшін қажет?
Трафареттердің көмегімен түрлі стильдегі маникюр жасауға болады. Френч маникюр үшін түзу, толқынды, зигзаг тәрізді және тіпті шілтерлі – әртүрлі жолақтар қажет. Трафареттер тырнаққа вензель, иероглиф, гүлдер және тағы басқа суреттер салу үшін де қажет.
Үй жағдайында трафаретті қалың пленка және скотчтан жасау оңай. Соңғысы тырнаққа оңай жабысады және тырнаққа із қалдырмай алынатындығымен ыңғайлы. Құжаттарға арналған қағаз немесе пластик скотчты пайдалануға тырысыңыз, одан жолақтар немесе френч және айлы маникюрге дөңгелекшелерді қиып алу қиынға соқпайды. Мұндай нұсқаның ең бір кемшілігі – бір рет қана пайдалануға болады. Пайдаланып болған соң лак жағылған трафареттерді тастай салу керек.
Пластик төсемелер тырнақтарға түрлі өрнектер салуға жарайды. Оларды бірнеше рет пайдалануға болады. Қолданып болған соң лак қалдықтарын сүртіп, трафаретті жуып, келесі қолданысқа дейін сақтап қойыңыз.
Френчке арналған трафареттер
Тырнаққа арналған ең танымал қаптаманы жасау өте оңай. Ол үшін скотч және өткір маникюр қайшысы қажет. Френчтың дизайнын ойластырып, қаптаманың мөлшерлерін нақтылап алыңыз. 10 данадан кем емес траферет дайындаңыз: бірден барлық саусақтармен жұмыс жасайсыз.
Трафареттерді артығымен дайындауға тырысыңыз. Егер біреуі жыртылып кетсе, жаңасын жасауға қамдану керек болады.
Классикалық френч үшін доғалтектес жолақтар қажет. Ойығы терең болған сайын, саусақтар ұзынырақ болып көрінетін болады. Сына тәрізді ойықтар арқылы тырнақтарға сүйір ұш жасай аласыз. Ерекше жағдайларға шілтерлі трафареттер жарайды, олардың ұшын ұсақ тістермен кесу қажет.
Егер сәнді ай маникюрін жасамақ болсаңыз, шеңбер пішіндес трафареттерді пайдаланыңыз. Оларды тырнақтың түбіне орналастырып, түрлі пішіндегі айды сала аласыз. Ай пішіндес трафареттер үшін ең үздік материал – кеңсе пластик скотчы.
Трафаретпен ерекше сурет салу
Тырнақтарыңызға әріптер, иероглифтер, вензель типтес ірі көркем өрнектер салғыңыз келе ме? Жұмсақ пластик пленкадан жасалған трафареттерді пайдаланыңыз.
Өрнектерді алдымен қағазға сызып алыңыз. Қағаздың үстіне пленканы қойып, өткір кеңсе қайшысымен өрнектердің шет-шетін қиыңыз. Қиылған қалдықтарды жайлап алып тастаңыз – трафарет дайын. Оны пайдаланбас бұрын, тырнаққа фон беретін лакты екі қабаттап жағып, мұқият кептіріңіз. Кейін тырнақ бетіне трафаретті жабыстырып, өрнекке арналған қалың эмальмен бояңыз. Лак пленканың астына ағып кетпеуін қадағалаңыз.
Қаптаманы жайлап алып тастаңыз да, лактың кебуін күтіңіз. Кейін тырнақты бояу бекіткіш лакпен бояңыз. Екі-үш минуттан кейін маникюр қата бастайды, ал сіз келесі тырнаққа өрнек салуға көшсеңіз болады.
Сурет: skromni-beauty.livejournal.com, setadra.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina