Мінсіз күлкінің құпиясы

Мінсіз күлкінің құпиясы

Адамның дұрыс күтім жасамаса ауырып қалуы мүмкін 32 тісі бар. Сондықтан, дұрыс күтім жасауды үйренуіңізге тура келеді.

Ата-анамыз бала күнімізден күніне 2 рет тіс тазалауды әдетке айналдыруға үйретті. Егер бұл әдет сіздің бойыңызға сіңбеген болса, тіс пастасы мен тіс щеткасынан өзге не нәрсе керектігін анықтайық.

Тіс тазарту ережесі

Тісті күніне 2 рет кем дегенде 3 минуттан тазалау керек. Тазалауды тістің алдыңғы бөлігінен бастаңыз. Бірінші сыртқы бөлігін, артынша ішкі бөлігін тазалаңыз. Тілде де түрлі бактерия мен тамақ қалдығы қалып қоятындықтан, оны да тазалау керек.

Тіс пастасы

Тіс денсаулығын қорғауда тіс пастасының маңызы ерекше. Құрамында фторы бар паста тісті қатайтады. Ағартқыш әсері бар пасталар эмальды құртатындықтан, оларды ұзақ уақыт бойы пайдалануға болмайды. Нәтижесінде, тісіңіз температура мен тамаққа өте сезімтал болады.

Тіс щеткасы

Тіс щеткасы бірнеше талапқа сай болу керек болғандықтан, оны сатып аларда ақша үнемдеп жатудың қажеті жоқ. Щетканың үстіңгі бөлігі екі тістің көлеміндей болуы тиіс. Мұнымен қатар, тіс арасын тазалайтындықтан, талшықтарының ұзындығына да мән беру керек. Щеткаға бактериялар тез жиналатындықтан, 3 ай сайын ауыстырылады. Егер тұмауратып қалған болсаңыз, емделген соң жаңа щетка пайдаланыңыз. Қызыл иегіңіз ауырса, уқалау рәсімі көптік етпейді.

Тіс жібі

Кейде ең жақсы деген щетканың өзі тіс арасын дұрыс тазаламауы мүмкін. Оны саусағымызға іліп алып жылжыту арқылы пайдаланамыз. Қайта-қайта жіпті ауыстырып отыру керек.

Дәрігерлік тексеру

Ауру мазаламаса да, жылына 2 рет тіс дәрігеріне қаралу керек. Осылайша, ауруды алдын аласыз.

Тісті іштей қоректендіріңіз

Сүтті, бауыр, үрмебұршақ, алма, қарақат сынды құрамында кальциі көп тағамдар жеңіз.

Сөз соңында айтарымыз үнемі күліп жүріңіз. Себебі, статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 70% жігіттер боянатын қыздарға қарағанда күлімсіреп жүретін бойжеткендерді ұнатады.

Сурет:rudaki.ru

Қ. Бүйенбай