Адамның не ішіп, не жейтіні оның болмысы, сырт сымбатына әсер етпей қоймайды. Өмірімізде күнделіктікті ірі өзгерістермен түрлендіре алмасақ та, қарапайым тағам арқылы «дәмділендіре» түскімізі келеді. Мұндайда дұрыс дәмдеуіштер көмекке келеді. Олар тағамның дәмін жақсартып қана қоймай, сонымен қатар салмақты бақылауда ұстауға көмектеседі.
Бірақ дәмдеуіштердің бәрі бірдей пайдалы емес. Біз сіздің дәм сезу рецепторларыңызға жағып қана қоймай, пайдалы қасиеттерімен сұлулығыңызды арттыра түсетіндерін ұсынамыз.
Кайен бұрышы
Кайен бұрышы капсаициннің арқасында метаболизмді жылдамдатады. Осы дәмдеуішпен хош иістендірілген тағамды жеген кезде оның ащылығынан ауызыңыз күйгендей сезім болады. Капсаицин дене температурасын арттырады, ол тамақтан кейін бірнеше сағат ішінде метаболизмді 5% арттырады. Сонымен қатар, капсаицин ағзадағы майдың тотығуын 16% жылдамдатады, бұл денедегі майды белсенді түрде жағуға мүмкіндік береді. Кайен бұрышымен балықты дәмдеуге және шоколадқа себу үшін какаомен араластыруға болады.
Зімбір
Зімбір ас қорытуды жақсартады және қажет болған жағдайда жүрек айнуын жеңуге көмектеседі. Метаболизмнің тездеуі оның құрамындағы капсаицинге жататын гингерол затының әсерінен болады, бұл денеде қосымша жылу тудырады. Шай жасау үшін балғын зімбір немесе зімбір ұнтағын пайдаланыңыз. Сонымен қатар, ұнтақталған зімбір тамырын бұқтырылған көкөніс немесе ет тағамдарына, маринадтарға қосуға болады.
Куркума
Куркума - зімбірдің туысы және үнді асханасының негізгі ингредиенттерінің бірі. Дәмдеуіштерге өзіне тән сары түс беретін бұл өсімдіктің тамырындағы куркумин қабынуға қарсы және антиоксиданттық қасиеттерге ие. Бұл зат сонымен қатар жүрек ауруларының, қатерлі ісіктердің, депрессияның және жасқа байланысты нейродегенеративті аурулардың дамуына жол бермейді. Зерттеушілер салмақтың өсуінің маңызды факторларының бірі болып табылатын инсулинге төзімділік деңгейін төмендету арқылы майды жағуға ықпал етеді деп болжайды. Куркума сорпалармен, күрішпен және бұқтырылған тағамдармен тамаша үйлеседі.
Даршын
Даршын қан қысымын қалыпқа келтіруге және глюкоза деңгейін, холестеринді, сондай-ақ жүректің жұмысына әсер ететін триглицеридті майларды азайтуға көмектеседі. Даршынның бұл қасиеттері оның инсулиннің белсенділігін арттыру қабілетіне байланысты жүзеге асса, ол осы қасиет арқылы ағзаға қантты жақсы сіңіруге көмектеседі, осылайша оның майға айналуына жол бермейді.
Зира
Соңғы зерттеулер көрсеткендей, артық салмағы бар әйелдердің зираны күнделікті тұтынуы дене салмағын азайтуға көмектеседі. Зираның бұл қасиеті холестериннің сіңуіне жол бермейтін фитостеролдардың көп болуына байланысты. Зира чили, карри, чатни сияқты дәмдеуіштердің қоспаларында кездеседі. Ол барлық дерлік тағамдарға жарамды - ыстық көкөністер, ет, балық және тіпті десерттер.