Майлы тері спирттік қоспалармен, сабынмен жуыну, орамалмен сүртіну сындыларды оңай өткереді. Майлы теріні тазартатын түрлі лосьон бар. Олардың көбісін үй жағдайында дайындауға болады.
Шөптен жасалған лосьон. Қырмызы, ақ бас жусан, эвкалипт, дала қырықбуыны және түймедақ секілді өсімдіктердің бірін ыстық суға салып, 15 минут бұқтырамыз. 500 мл суға екі ас қасығы жарайды. 3-4 сағат өткен соң, 1 шәй қасық сірке суын қосамыз. Мұнымен қатар, 30 мл спирт тұнбасын немесе 30 мл арақ құямыз.
Гүлден жасалған лосьон. 2 ас қасық раушан, гүлкекіре, қырмызы, гүлдерінің үстіне 1 стақан ыстық су құйып, 10 минутқа қалдырамыз. 30 минут бойы суытамыз. Артынша бір-бір шәй қасықтан бор спирті мен сірке қышқылын қосамыз.
Ақжелкеннен жасалған лосьон. 1 ас қасық ақжелкеннің кепкен жапырақшаларына 1 стақан ыстық су қосамыз. Артынша арада 1 сағат өткен соң, ¼ стақан ақ шарап қосамыз.
Жалбызды лосьон. 2 ас қасық жалбызды 500 мл суға салып, 10 минут бойы қайнатамыз. Үстіне 4 шәй қасық бор спиртін, 2 ас қасық қырмызы, 1 шәй қасық сірке суын немесе лимон шырынан қосамыз.
Майлы тері үшін майдың мөлшерін қалыпқа келтіретін арнайы кремдер қолданылады. Жеңіл, майсыз кремдерді пайдаланған дұрыс.
Бетті сабындап жуып, артынша шөптер қоспасынан жылы компресс жасайды. Бұл үшін 2 ас қасық тазаланған шөптің үстіне 500 мл ыстық су құйылып, 15 минутқа қалдырылады. Әдетте компрессті шайшөп, қырмызы, иіртамыр және эвкалипт сынды шөптерден жасайды. Компресстің ортаңғы бөлігі иекке орналасып, қалған бөлігі бетті жауып тұрады. Бұл рәсімнен кейін бетті бір жапырақ мұзбен сүртеді.
Майлы бетке де маска жасаған дұрыс. Алайда оларды алмастырып отыруды ұмытпау керек. Ол үшін төмендегідей арнайы маскаларды қолдануға болады.
Ақуыздан жасалған маска. Жұмыртқаның ақуызын бетке жағып, жіңішке қабат түзілгенше күту керек. Артынша тағы бір қабат жағуымыз керек болады. Осы әрекетті бірнеше рет қайталаймыз. Масканы 20 минут бойы жасаймыз. 20 минут өткен соң, жылы сумен шайып, бетті мұзбен сүртеміз.
Ал сіз үй жағдайында лосьон дайындайсыз ба?