- Негізгі бет
- Сымбат
- Майлы бетке арналған...
Майлы бетке арналған үй лосьоны
Көптеген қыздардың беттері майлы типті болады. Оны қалай құрғатуға болады? Ол үшін үй жағдайында лосьон жасап көріңіз.
1 стақан салқын көк шайға 2 ас қасық лимон шырыны қосылады. Қоспаны бетке жақсаңыз, жылтыры басылып, беттің өңі жақсарады.
1 лимонды дөңгелек етіп кесіңіз. Банкаға салып, қасықпен езіңіз. Оған жарты стақан су құйып, аузын жабыңыз. Бұл қоспа 1 апта бойы тұнып тұруы керек. Содан соң оны сүзгіден өткізіп, бірдей көлемдегі минералды сумен араластырыңыз.
1 стақан салқын қайнаған суға 1 ас қасық табиғи алма сіркесуын қосып, жақсылап араластырыңыз.
Жарты стақан раушан жапырақтарына жарты стақан алма сіркесуын қосыңыз. Қақпағын жақсылап жауып, 2 апта тұндырып қойыңыз. Қоспаны сүзіп алып, 1 стақан салқын минералды сумен араластырыңыз. Лосьон дайын.
Ф. Абилова