Мата масканың тиімділігін арттырудың 5 әдісі

Мата масканың тиімділігін арттырудың 5 әдісі
Фото: ru.freepik.com

Мата маскалар – теріні жылдам қалпына келтіретін күтім құралының бірі. Мата масканың теріге пайдасы жайлы жазып жүрміз. Бастысы, оны тері типіне қарай таңдау керек. Мата масканың барынша пайдасын алуға арналған лайфхактарды ұсынамыз.

1. Масканы бетте артық ұстамаңыз
Көпшілік "масканы бетте қаншалықты ұзақ ұстаса, нәтижесі де соншалықты жақсы болады" деп ойлайды. Сөйтіп, масканы құрғағанша ұстайды. Ал маска құрғай бастағанда керісінше ылғалды теріден ала бастайды. Сондықтан қаптамада масканы теріде қанша уақыт ұстау керек деп тұрса, соны сақтаңыз. Көбіне 20 минут ұстау керек екені айтылады.

2. Теріні дайындаңыз
Масканы қолданарда міндетті түрде теріні тазартып алыңыз. Бетіңізге сарысу (сыворотка) қолданатын болсаңыз, оны да масканың алдында жақсаңыз болады. Себебі сарысу маска тиімділігін бірнеше есеге арттырады. Бастысы, бұл құралдар сіздің тері типіңізге сай таңдалуы қажет. Мысалы, теріңіз құрғақ болса, ылғалдандырушы сарысу мен мата маска қолдану. Сарысуды теріге жаққан соң оның теріге толықтай сіңгенін күтіңіз.

3. Маскадан соң жеңіл массаж жасаңыз
Бұл белсенді заттардың теріге терең өтуіне көмектеседі, бет терісі түсін қалпына келтіреді және қан айналымды жалдамдатады. Ол үшін саусақтарыңыздың ұшымен массаж сызықтары бойымен жайлап ұрып шығыңыз.

4. Көз айналасы жайлы ұмытпаңыз
Мата маскалар көз айналасына тимейтіндей етіп жасалады. Бірақ көз айналасы да күтімді қажет етеді. Сондықтан бетіңізге маска жасаған кезде көз айналасына гидрогельді патч жабыстырыңыз. Патчиді үйден де жасауға болады. Ол үшін сізге алоэ гелі мен мақта дисктері қажет болады. Мақта дискісін екіге кесіп, әр бөлігіне кішкене алоэ гелін жағыңыз. Содан соң оны бірнеше минутқа тоңазытқышқа салыңыз. Патчи дайын. Көз астына патчиді орналастырып, сыртынан мата масканы қойыңыз.

5. Масканы салқындатыңыз
Масканы салқындау жерде сақтаңыз немесе масканы қолданар алдында тоңазытқышқа салып алыңыз. Салқын маска теріге күтім жасап қана қоймай, ісінуді басады және бет терісі түсін жақсартады.

Ескерту:
- Мысалы, масканың күйдіріп бара жатқанын сезсеңіз, оны бірден алып, бетіңізді жуып тастаңыз;
- Бет терісінде жара болса, масканы кейінге қалдыра тұрыңыз;
- Масканы екі қайтара қолданбаңыз. 

А. Жапатова