Нейл-арттың жаңа тренді сәнқой бойжеткендердің көңілінен шығып жүр. Геометрия мен жинақылық үйлесімі шынымен де әдемі көрінеді. Геометриялық үшбұрыш бұз мезгілдің сәнді суретіне айналды.
Үшбұрыш түріндегі сурет ұстамды әрі ықшамды, сонымен қатар тырнақты ұзартып көрсетеді. Бірнеше түстерді қолданудан қорықпаңыз: ақ және қара, көк пен алтын, қызыл және ақшыл, т.б. Лактың жалтыр және бір түсті түрін таңдауға болады. Үшбұрышты тырнақтың түбіне немесе ұшына салуға болады. Осы жазда үшбұрыштың кез келген түрі сәнде болмақ.
Мұндай маникюрді үй жағдайында скотчтің көмегімен жасауға болады. Алдымен тырнақты бір түсті лакпен бояп, толықтай кепкенін күтіңіз. Скотчты тырнаққа үшбұрыш ретінде жабыстырып, басқа түсті лакпен бояйсыз.