Салоннан жасатқан маникюр әркез сапалы әрі әдемі нәтиже бермеуі мүмкін. Маникюр көңіліңізден шығуы үшін кейбір маңызды ережелердің сақталуын бақылап отырыңыз.
1. Зарарсыздандырылған құралдар. Бұл сіздің қауіпсіздігіңізге жауап беретін басты ереже. Алдыңғы клиенттен соң құралдар өңделмесе, ол саңырауқұлақ тасымалдауы немесе қандай да бір жұқпалы аурулар әкелуі әбден мүмкін. Зарарсыздандырудың барлық кезеңінен өткен құралдарды арнайы крафт-пакетке салып, құрғақ ыстық ауада ұстайды. Ол жерде барлық мүмкін ауру қоздырғыштары өледі. Крафт-пакетті шебер клиенттің көзінше ашуы керек. Ондағы түстік индикаторға мән беріңіз: ол құрғақ ыстық ауалы шкафқа салғанға дейін көгілдір немесе ақ түсті болса, одан кейін алқызыл немесе қоңыр түске боялады.
2. Зарарсыздандырылған жұмыс орны. Шебер өзінің және клиенттің қолына антисептик шашып, жұмыс үстелі мен тырнақ егеуішін тазартып, бірреттік қолғап кию керек.
3. Дұрыс алынған гель-лак. Гель-лакты қарапайым лак кетіретін сұйықтықпен сүртіп, таяқшамен қырып тазартуға болмайды. Әр тырнақты гель-лакты жібітетін арнайы сұйықтыққа малынған мақтамен орап, біраздан соң апельсин таяқшасымен абайлап алады. Алайда қазір көбі гель-лакты аппаратпен алады. Аппарат тырнағыңызды ауыртпауы керек.
Гель-лакты қалай кетіруге болады?
4. Ұқыпты маникюр. Шебердің сірқабықты қалай алатынына мән беріңіз: оны екі жақтан бір қозғалыспен алу керек. Егер сірқабықты бірнеше рет жұлу арқылы алса, бірнеше күннен кейін қайта шыға бастайды. Егер тырнақ айналасы терісін жарақаттап алса, жұқпа түсіп кетпес үшін бірден сутек тотығын шашу керек. Тырнақты бір бағытта егеу ұсынылады. Себеблі жан-жақты егеу тырнақ құрылымын бұзады. Шебер жұмысты аяқтаған соң қолға крем немесе май жағуы керек.
5. Бір брендтің құралдары. База, топ және түсті лак бір серияның құралдары болғаны жақсы. Кейде түрлі бренд өнімдерін араластыру маникюрдің ұзақ тұрмауына себеп болады.