Бірнеше уақыт бұрын ғалымдар мангоның салмақ тастауға көмектесетінін анықтаған. АҚШ мамандары бұл жемістің таңғажайып, қайталанбас қасиетін айтты. Оны күнделікті қолдану – ағзаға өте пайдалы саналады.
Оны жай ғана тамақ мәзіріне қоссаңыз жеткілікті. Мангоның өзін күн сайын жеуге не басқа жемістермен араластырып салат, т.б. тағамдар жасауға болады. Мұндай салмақ тастау әдісі нәтижелі болуымен қатар, денсаулыққа да еш ақау келтірмейді дейді ғалымдар.
Мамандар еріктілерден құралған топқа арнайы тәжірибе жүргізді. Жиналған қыздар тамақтану тәртібіне манго жемісі мен оның сығындысын қосты. Нәтижесі бас шайқатты. Екі аптадан соң барлық қыз да артық салмақтан құтылған. Мамандардың салмақ тастау ықтималдығы 30% дегені 100% расталды.
Осылай манго арықтағысы келетіндер ас мәзірінің ажырамас бөлігіне айналды. Оған қоса бұл жеміс шипалық қасиетке де ие. Адам қанындағы қант пен холестерин мөлшерін азайтады.