Маңдайдағы мимикалық әжімдер көпшілік әйелде бар. Олардың пайда болуына жасқа байланысты тері өзгерістері, күйзеліс, ылғалдың жетіспеуі, темекі тарту және бақылаусыз мимика себеп болады. Уақыт өте ұсақ әжімдер терең әжімдерге айналып, бетке шаршаңқы және тұнжыраған түр береді. Маңдайдағы әжімдердің алдын алу және күресу жолдарын ұсынамыз.
Өмір сүру салтыңызды түзеңіз
Маңдайыңызға әжімдер ерте пайда болғанын қаламасаңыз, өмір сүру салтыңызды өзгертуді қолға алыңыз. Үнемі күйзелістік және мазасыз күйде жүру эмоциялық денсаулыққа жағымсыз әсер етіп қана қоймай, тері сапасын да айтарлықтай нашарлатады.
Үйлесімсіз рацион да маңдайға мимикалық әжімдердің пайда болуының себебі бола алады. Олардың пайда болуының алдын алу үшін немесе олардың санын азайту үшін көбірек дұрыс тағамдар жеп, күйзеліспен күресуді үйрену керек.
Қабақ түймеуге тырысыңыз
Белсенді мимика, қабақ түю әдеті, бұртию және қастарды жоғары көтеру маңдайда көлденең әжімдердің пайда болуына ықпал етеді. Себебі уақыт өте бұлшықеттер мен тіндер қыртыстардың күйін жаттап қалады, дәл сол жерлерде алғашқы мимикалық іздер пайда болады, содан соң олар тұрақты терең әжімдерге айналады.
Өз мимикаңызды бақылауда ұстау үшін эмоциялық жағдайыңызды ретке келтіріп, бетіңіз босаңсыған күйде қалатын интонациялар мен қимылдарды қолдануға тырысуыңыз қажет.
Бетке арналған гиалурон қышқылы бар кремдер қолданыңыз
Гиалурон қышқылы теріні тиімді ылғалдандырғыштардың бірі саналады және көптеген косметикалық құралдардың құрамына кіреді. Гиалурон қышқылын сыртқы пайдалану бұлшықеттердің жиырылу мөлшеріне әсер етпегенмен, ол сонда да тері жағдайын айтарлықтай жақсартады және мимикалық әжімдердің пайда болу сәтін барынша соза алады. Оған қоса, гилурон қышқылы теріні ылғалмен қанықтырып, оған сау түр сыйлайды.
Бет массажын үйреніңіз
Бет массажы — маңдайдағы мимикалық әжімдермен күресетін қарапайым әдістердің бірі. Бұл процедура лимфаны таратуға, әжімдерді тегістеуге көмектеседі және бетті жарқыратады. Бет массажын қалай жасау керегін зерттеп, күнде жасай берсеңіз, қолыңыз үйреніп кетеді.
Косметикалық процедураларға жүгініңіз
Қазір маңдайдағы әжімдерді тегістеуге бағытталған косметикалық процедуралардың түр-түрі бар. Мысалы: жіпті лифтинг, мезотерапия, ботулинотерапия. Косметикалық процедура жасауды шешсеңіз, нақты процедура жайлы біраз зерттеп, кәсіби маман табу маңызды.
Арнайы ленталарды қолдануды үйреніңіз (тейпирование)
Бұл әжімдерді арнайы созылмалы жолақтарды теріге қою арқылы тегістейтін әдіс. Арнайы ленталарды бұлшықеттер сызықтары бойынша орналастыру қажет. Мұндай ленталар лимфа қайтуын жақсартады, ісінуді басады және табиғи түрде бет сопағын түзеуге көмектеседі.
Етбетімен жатып ұйықтамаңыз
Бетті жастыққа қойып ұйықтау әдеті маңдайға әжімдердің пайда болуына ықпал етеді. Себебі бұл қалыпта теріні қанмен қамтамасыз ету процесі бұзылады. Бұл тіндердің өзгеруіне және маңдайда әжімдердің ерте пайда болуына әкеледі. Сондықтан бір қырмен немесе шалқасынан жатып ұйықтауға тырысыңыз. Ұйқының сапалы әрі толыққанды болуын қадағалаңыз. Созылмалы ұйқысыздық та тері жағдайын нашарлатып жібереді.