Мамандар азық-түліктің төменде аталатын топтарына сәйкес арнайы диета ойлап тапқан. Ол диетаға сәйкес 2 апта ішінде 5-10 келіден арылуға болады. Бірақ, ол диетаны ұстанбас бұрын, азық-түліктердің қандай топтарға бөлінетінін біліп алғанымыз жөн.
Қызыл түсті азық-түліктер тобы: ет, қызыл балық, қызыл бұрыш, қызанақ, анар, шие, күлгін грейфрут, құлпынай, қызыл алма, жүзім, таңқурай, қарбыз, мүкжидек, рауғаш, каркаде шәйі, шалғам және т.б.
Ағзаға әсері: белсенділікті арттырып, қуаттандырады.
Пайдалы заттары: С дәрумені, флавоноидтер, ликопин, фенол.
Қызғылт түсті азық-түліктер тобы: асқабақ, қызғылт түсті болгар бұрышы, сәбіз, шабдалы, шырғанақ, құрма, апельсин, мандарин, қызғылт түсті кәді.
Ағзаға әсері: қан айналым жүйесін жақсартып, ас қорыту мүшесін қалпына келтіреді. Иммунитті күшейтеді.
Пайдалы заттары: С дәрумені, бета-кератин, пектин.
Сары түсті азық-түліктер тобы: ананас, жүгері, тәтті бұрыш, қауын, самсар, сары ірімшік, банан, сары өрік, сары грейфрут.
Ағзаға әсері: жүйке жүйесін, бауыр қызметін, ішек-қарын жолын ретке келтіреді. Дене қызуын төмендетеді.
Пайдалы заттары: А, В тобындағы дәрумендер
Жасыл түсті азық-түліктер тобы: қияр, орамжапырақ, жасыл жүзім, авокадо, қояншөп, жасыл алма, киви, көк шөп, жасыл болгар бұрышы, саумалдық.
Ағзаға әсері: эмоционалдық тұрақтылықты, артериялық қысымды қалпына келтіреді, күйзелістен арылтады, бас ауруларын емдейді.
Пайдалы заттар: хлорофилл, темір, сульфорафан.
Сурет: rudaki.ru