- Негізгі бет
- Сымбат
- Макияжсыз-ақ сұлу бол!...
Макияжсыз-ақ сұлу бол!
Әлбетте макияж қыздарға әркез сұлу болуға көмектеседі. Алайда бояусыз-ақ сымбатты болғанға не жетсін?
- Күтілген, ұқыпты қас бетіңізді бірден өзгертеді. Қас пішінін келтіріп тұруды әдетке айналдырсаңыз, бет-жүзіңіз әр уақыт күтілген көрінеді.
- Реңк беруші кремді жаққыңыз келмейді ме? Ендеше бет терісін мінсіз таза, тегіс қылуға тырысыңыз. Бұл мақсатта мицеллярлы су қолданған дұрыс. Ол теріні артық май, кір мен шаңнан тазартып, нәтижесінде кемшіліктерден құтқарады.
- Қара торы қыздар көп жағдайда косметикалық заттарды аз қолданады. Табиғи күнге күйген қоңырқай тері онсыз да сымбатты көрінеді. Егер сіз табиғатыңыздан ақшыл болсаңыз, автозагар қолданып көріңіз. Айта кетсек, спрей автозагарлар ерекше ыңғайлы болады.
- Кірпіктер ұзын және жылтыр болу үшін судай жаңа сүрменің қажеті жоқ. Таза жаққыш көмегімен кірпіктеріңізге вазелин жағуды әдетке айналдырыңыз. Айта кетсек, бұл дауа кірпіктерді берік қылуға әсерін тигізеді.
- Далаға шығар алдында бетіңізге жарқындық беретін бөлшектері бар кремді жағыңыз. Ол теріні ылғандырып, бетіңізге ерекше жылтыр береді.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: colorface.ru
С. А