Кәсіби косметолог мамандардың макияжды кіршіксіз қылып жасауының сыры неде? Ондай макияжды үйде істеeut бола ма? Байқасаңыз, кәсіби косметологтардың құпия қарулары - макияжға арналған жаққыштар. Осындай жаққыштарды сатып алып, өзіңіз де макияж жасау шебері атана аласыз. Ал мына нұсқаулар сізге көмек болады.
1. Үлкен жаққыш опа жағуға арналған. Әрине жаққыштың түгі табиғи болғаны дұрыс.
2. Еңлік жағуға арналған жаққыш. Еңлік табиғи көрінсін десеңіз, осындай жаққышты қолданыңыз.
3. Веер тәріздес жаққыш. Беттен косметиканың артық қалған бөліктерін желпіп тастау үшін қолданылады. Мысалға тым көп жағылып қалған қабаққа арналған бояуды қағып тастасаңыз болады.
4. Еңлік жағуға арналған қиғаш жаққыш. Бұл жаққыш көмегімен еңлікті барынша көрінбейтіндей етіп жағуға болады.
5. Контурлы коррекцияға арналған жаққыш. Бұл жаққыш көмегімен әжім, безеу сияқты терінің кемшіліктерін жасыруға болады.
6. Қабаққа арналған бояуды жағуға арналған жаққыш. Жаққыш бояудың түсін жұмсартып жағады.
7. Мұрынның кемшіліктерін жасыруға көмектесетін жаққыш. Пішінін коррекциялайды.
8. Реңк беруші кремді жағуға арналған жаққыш. Сондай-ақ корректор ретінде қолданса болады. Бұл жаққыш тек синтетикалық талшықтан жасалынады.
9. Кабуки деп аталатын бұл жаққыш опа жағуға арналған екен. Бірінші жаққыштан айырмашылығы - бұл жаққыш синтетикалық талшықтан жасалады.
10. Қабақ бояуын жағуға арналған үлкен жаққыш. Бұл жаққышты қабақтың жоғарғы бөлігіне ашық түсті бояуды жағу үшін қолданады.
11. Бұл жалпақ жаққыш та қабақ бояуына арналған екен. Күңгірт пен ашық түстердің шекарасын байқатпас үшін олардың бір-біріне өтуін қамтамасыз етеді.
12. Қабақ бояуын жақсылап жағу үшін косметолог мамандар жаққыш аямаған екен. Мына жаққыш та сол баяғы қабақ бояуына арналған.
13. Далап жаққышы. Еріннің шеттерін сызып, далапты жағу үшін қолданылады. Синтетикалық талшықтан жасалынғаны дұрыс.
14. Көзге қарындаштың орнына мына жаққыштың көмегімен сызықтар сызсаңыз болады. Жаққышпен салынған сызық ұзағырақ сақталады.
15. Ал мына жаққыш керісінше, қарындашпен сызылған сызықты жұмсартуға арналған.
16. Қиғаш жаққыш қарындаш сызығын жұмсарып, оның дұрыс жатуын қамтамасыз етеді.
17. Бояуларды бір-біріне сәйкестендіріп, байқалар-байқалмас қыла алатын - мына жаққыш.
18. Консилер жағуға арналған жаққыш. Беттің кемшіліктерін жасыруға көмектеседі. Сұйық консилерлерменен қолдануға арналған.
19. Қасқа арналған қиғаш жаққыш. Қасқа арналған қарындаштың жақсы жағылуын қамтамасыз етеді.
20. Қас тарағы. Қастың пішінін түзейді.
21. Спонж немесе аппликатор. Қабаққа арналған сұйық не құрғақ бояуды жағуға арналған.
22. Кірпік тарағы. Кірпікке жағылған бояудың артығын алып тастап, кірпіктерді бөледі.
Сурет: stroinee.com.