Базалы макияж тоналды крем, консилер, опа, көз бояуы сынды косметикалық құралдар арқылы жасалады. Оларды қалай тиімді пайдалануға болады? Біз басты сұрақтарды топтастырып алдық.
Тоналды кремнің үстінен опа жағу керек пе?
Макияж жасауда қатаң ережелер жоқ. Алайда егер макияж ұзаққа сақталсын десеңіз, тоналды кремнің үстінен опа (пудра) жаққан жөн. Мұның бәрі жұрт көзіне білінбеуі үшін жеңіл негізді, минералды опаны пайдаланыңыз.
Қола түсті опаны (бронзатор) қалай жағу керек?
Бетті әдемі күйгендей етіп макияж жасау үшін ұшы кең жаққышпен бронзатормен бетке 3 санын салыңыз. Яғни алдымен қастың ұшынан бет сүйегіне дейін жарты ай тектес сызық, сол жерден иекке дейін екінші сызық салыңыз. Сонда 3 санына ұқсас сызық білінеді. Содан соң маңдайдың ортасына, мұрынның ұшына, иекке опа жағыңыз.
Консилерді қолдану үлгісі
Консилерді қалай дұрыс қолдану керек?
Консилер үнемі опаны жақпас бұрын қолданылады. Тоналды кремді жаққаннан кейін консилерді пайдаланыңыз. Көз астындағы ісіну, қараюды жасыру үшін консилермен жұқа сызық жүргізіп, саусақпен білінбейтіндей етіп жағыңыз. Консилер-хайлайтер қастың астына, көздің ішкі жағына және бет сүйегінің үстінгі жағына жағылады.
Көз бояуын (тень) пайдаланбай, көзді қалай үлкейтуіме болады?
Мұндай жағдайда көзге арналған қарандаш немесе ашықтау түсті көз бояуын (подводка) пайдалануға болады.
Жазғы макияждың сырлары туралы мына сілтемеге өтіп, оқыңыз.