Макияж жасау барысында алға қоятын басты ұстанымдар мен бірге жиі қайталанатын қателіктерді де біле жүру керек.
Тоналды крем
Егер бет түсін қаралау не ашықтау еткіңіз келсе, тоналды крем көмекші бола алмас. Тек өз тоныңызды пайдаланыңыз.
Көз астындағы қара дақтарды жасыру үшін де тоналды кремді ысқылап жағудың қажеті жоқ.
Бет бояуы (румяна)
Әдетте ол тіптен де қажет емес косметика түрі болып саналады. Бірақ аруларымыз оны сөмкесінен тастамайды. Егер бояуды шешсеңіз, көзден иекке дейін емес, бет сүйегінің жиегімен самайға дейін жағыңыз.
Макияж жасауға арналған жаққышты соңғы рет қашан тазарттыңыз? Жаққыштарда соңғы пайдаланған тон реңкі қалып қоятынын ескеріңіз.
Бронзатор
Егер теріңіз күнге күйгендей болғанын қаласаңыз, солярийден гөрі бронзаторды таңдайтыныңыз хақ. Алайда оны көп жағудың қате екенін ескеріңіз. Кеңсірік, бет сүйегі, иек пен маңдайға аздап жаққаныңыз дұрыс.
Кірпік
Суға төзімді сүрмелер шын мәнінде жүзу спортымен айналысатын аруларға ғана керек. Ал ол қатарға жатпасаңыз, күнделікті пайдаланудың қажеті жоқ. Себебі ол кірпікке жабысып, кетіруге қиындық туғызады. Оны тазартамын деп, кірпіктеріңізден де айырылуыңыз ғажап емес. Сондай-ақ суға төзімді сүрмелер кірпікті құрғатып, сынғыш етеді.
Ерін
Макияж жасауда жиі кездесетін қателіктердің бірі – контур қарандашын тек контур бойынша сызып, қолдану. Атауына қарамастан ерінді шетінен сызу – 90-жылдар сәні есептеледі. Оның орнына далап жағудың алдында қарандашпен ерніңізді толықтай айшықтап/ретушьтап жағуыңыз керек.
Жалпы қағидалар
Егер достарыңызбен серуенге шығатын болсаңыз, терезенің алдында боянғаныңыз жөн. Ал егер қараңғылау жерде (бар, кофейня, кино) отыратын болсаңыз, жуынатын бөлмеде боянуыңызға болады.
Ескірген косметиканы қоқысқа тастаңыз, жәдігер жинаудың қажеті жоқ. Ұзақ жатқан косметика ұзақ сақталған тағаммен бірдей.
Сондай-ақ макияжбен ұйықтау әдетін доғарыңыз.
Ал сіз қандай кеңес бере аласыз? Косметика қолданасыз ба?
Сурет: Юлия Крюкова
Ұқсас жазба:
Сүрмені қалай таңдаймыз?