Макияж - 2013: ең сәнді түстер

Макияж - 2013: ең сәнді түстер

Осы жылы макияжда қандай түстер сәнде болатынын есте сақтап, оларды күнделікті макияжда қолданып, сәнқой атаныңыз.

Қызыл

Қанық қызыл түсі сәннен еш уақыт шықпайтын көрінеді. Алайда түрлі маусымдарда оны қолдану ерекшеліктері ауысып тұрады. Бұл жылы күңгірт қызыл далапқа назар аударып, оны ашық түсті қабақ бояуларымен қолданыңыз.

Қола

Алтын түстес көз бояуларын ұмытып, орнына қола бояуын таңдаңыз. Ол көзіңізді тартымды қылып көрсетеді. Бұл түсті smoky eyes жасау үшін қолдануға болады.

Қара металл

Қара лак көзге түсіп, тым дөрекі көрінеді. Биыл қара лактың орнына жылтыраған қара металл түстес лак жағыңыз. Бұл келбетіңізге ерекшелік қосады.

Күлгін

Күлгін түсті далап не көз бояу ұсынғалы отырмыз деп ойлайсыз ба? Ал күлгін түсті еңлік жайлы не айтар едіңіз? Ашық күлгін еңліктер жанарыңызды жайната түседі.

Жасыл изумруд

 Бұл түс жылдың ең сәнді түсіне айналмақ. Көз бояуын қолдануға қорықсаңыз, жасыл түсті лак таңдаңыз.

Көгілдір

Иә, көгілдір көз бояуы қайта сәнде. Тым қатты боянудан аулақ болсаңыз, көгілдір түсті сүрме не қарындаш қолданыңыз. 

Қара өрік 

Кешкі макияжда таптырмас түс. Бұндай түсті тырнаққа арналған лак, қабақ бояуы, далап та әдемі көрінеді. Далаптың жылтырсыз болғаны дұрыс. 

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: cosmo.com.ua

С. А