Линза жайлы жалған пікірлер #2

Көзі нашар көретін адамдар көзілдіріктен гөрі линза таққанды ұнатады. Алайда ол жайлы қалыптасқан жалған түсініктер линза алуға бөгет болады. Олар қандай сөздер?

Басы

6-өтірік: Өндірушілер линзаны ауыстыру мерзімін сатып алушылар көбірек ақша жұмсауы үшін ойлап тапқан. Кей кезде ауыстыру мерзімінен ұзақ тағуға болады.

Ауыстыру мерзімін ұстану басты шарттардың бірі. Линзаны ұзақ тағатын болсаңыз, ағуыз жиналып, көзіңіз ауыра бастайды. Сол себепті қазір бір күндік, апталық, айлық линзалар ғана бар. Ал жарты немесе бір жылдық линзаны тақпағаныңыз дұрыс. Ол көзді одан сайын нашарлатып жіберуі мүмкін.

7-өтірік: Линза киетін болсаңыз, косметика қолданбауыңыз керек

Қазір заманауи косметикаларды линза киетін болсаңыз да, пайдалана аласыз. Дегенмен белгілі бір ережелер де жоқ емес. Көз сүрмесін, бояуын таңдау кезінде сыртындағы қағазында «гиппоалергиялы», «сезімтал көзге арналған», «офтальмолог құптаған», «линза тағатындарға арналған» деген жазуы болу-болмауын тексеріңіз. Мұндай жазулары бар косметика зиянсыз болады. Сондай-ақ косметикаңыз суда ерігіш, қою емес болғаны абзал.

Макияжды көзге линза таққаннан кейін жасап және линзаны шешкен соң ғана бетті косметикадан тазарту керек.

8-өтірік: Линза көз көруін нашарлатып жібереді

Бұл – қате пікір. Линзаны дұрыс таңдасаңыз, керісінше, пайдалы екеніне көзіңіз жетеді. Себебі линза көзді «жұмыс істетеді». Линзаның арқасында көзіңіз ары-бері қозғалып, жаттығу жасайды. Ал көзілдірік кигенде, көз өте сирек қозғалады. Нәтижесінде жаттықпаған көз одан сайын нашарлай түседі. Ең бастысы, ерінбей офтальмологпен кеңесіп, өзіңізге лайық линзаны таңдап алыңыз.

Іске сәт!