Лимоннан жасалатын маскалар

Лимоннан жасалатын маскалар

Секпілден арылуға көмектесетін үй жағдайында лимоннан жасалатын маска: Лимон шырыны мен балды бірдей пропорцияда араластырыңыз. Артынша бұл қоспаны дәкенің көмегімен бетіңізге жағып, 20 минутқа қалдырыңыз. Уақыт болған соң бетіңізді жылы сумен шайыңыз.


Майлы бетке арналған үй жағдайында жасалатын маска: 1 жұмыртқаның ақуызын әбден көпіршітіп, үстіне 5 тамшы лимон шырынын тамызыңыз. Дайын болған қоспаны бетіңізге 10-15 минутқа қалдырыңыз. Артынша жылы сумен жуыңыз.


Лимон, мұнымен қатар, сүйелден арылуға көмектеседі. Лимон қабығы үгіндісінің үстіне 30%-дық жарты стақан сірке суын құйыңыз. Бұдан кейін қақпағын жақсылап жауып, бір аптаға сол күйінде қалдырыңыз. Және арасында шайқап қоюды ұмытпаңыз. Бір апта уақыт өткен соң ерітіндіні күніне бірнеше рет сүйелдің үстіне жағыңыз.


Лимоннан майлы бетке арналған ласьон жасауға болады. Лимон шырынының үстіне дәл сол көлемде су құйыңыз. Артынша осы ерітіндімен күніне 2-3 рет бетіңізді сүртіңіз.


Ал егер сіздің теріңіз құрғақ болса, келесі масканы жасағаныңыз абзал. 1 ас қасық қаймаққа 1 ас қасық лимон шырынын қосып араластырыңыз. Дайын болған қоспаны бетіңізге жағып, 10-15 минутқа қалдырыңыз. Міндетті түрде жылы сумен шайыңыз.


Лимон маскасының көмегімен еріннің үстіндегі және иектегі түктердің түсін ағартуға болады. 1 жұмыртқаның ақуызына 2 ас қасық лимон шырынын қосыңыз. Алайда бұл масканы тек түк бар тұстарға ғана жаққан дұрыс. Және оны 15 минуттан артық ұстамауға тырысыңыз.


Бұл рецепт өте құрғақ бет терісіне арналады: 1 ас қасық лимон шырынын дәл сол көлемдегі балмен араластырыңыз. Үстіне 1 ас қасық сұлы жармасының ботқасын қосыңыз. Оны бетіңізде 10 минутқа қалдырып, артынша жылы сумен шайыңыз. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: Massaget.kz, moldivka.ru

Қ. Бүйенбай